Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық мұғалім жұмысқа күн сайын жүзіп барады

Үндістандық 40 жастағы Абдул Мәлік есімді мектеп мұғалімі күн сайын жұмысына жүзіп баруға мәжбүр.

490bc47f09f8a2431c77274bc408e816_L

Бұл туралы Islam.kz сайты хабарлайды.

Ол мектепке жету үшін өзенді кесіп өтуі керек. Сол себепті, Абдул Мәлік көлік дөңгелегін асынып, жиырма бес минут бойы қолындағы түскі асы мен киімін көтерген күйі жүзіп өтеді.

Оның қайық сатып алуға қаражаты жоқ, автобус арқылы айналып келу үшін 3 сағаттай уақыт кетеді. Оның өзінде көлік қатынасы тұрақты жүйеге қойылмағандықтан, автобусты да сағаттап күтуге тура келеді екен.

 

Талқылау