Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман мерекесі Ләйлатул Бәраат түні жексенбі күні түнде атап өтіледі

21-інен 22-сіне қараған түнде мұсылман жыл санауы бойынша (шағбан – ай күнтізбесі бойынша сегізінші ай), бүкіл әлемнің мұсылмандары Бәраат түнін атап өтеді. Бұл “күнәдан арылу түні” деп те аталады.

11970628

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Шағбан айының он бесінші түні – Бәраат түні. Бұл түнде адамның бір жылдағы ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы кейбір деректерде білдірілген.

Бәраат сөзі араб тілінен аударғанда “тазару”, “арылу” деген мағынан білдіреді. Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, осы түнде Алла көп адамның күнәсін кешірмек. Бәраат түні мағынасы бойынша Ләйләту Қадір түнінен (пешене түні) кейінгі екінші қасиетті түн.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисте: «Шағбан – менің айым, Ережеп – Алланың айы, Рамазан – үмбетімнің айы», – деп осы айға да баса назар аударған. Хадистерде Алла елшісі (с.а.у.) Рамазан айынан кейін ең көп осы айда ораза ұстайтындығы айтылады.

Сахабалар да осы шағбан айы туғанда Құран оқуға көп көңіл бөліп, күні-түні Құран оқи бастаған. Ендеше осы айда Құранды мән-мағынасын түсініп көп Құран оқыған сауапты іс болмақ. Егер Құран оқи алмайтындар болса осы айда Құран үйренуді бастағаны абзал. Құранның әрпін үйреніп, ежелеп оқуға көп дегенде екі апта ғана уақыт кетеді. Үйренуге мүмкіндік таба алмағандар тым болмаса Құранның тәпсірі мен мағыналық аудармасын оқыған абзал. Мұсылман адам тым құрығанда осы қасиетті үш айларда өзінің дінін үйренуге ниет танытқаны дұрыс.

Бәраат түнінің ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен, Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл түні «жақсылық намазы» оқылады.

Ендеше осы түнді құлшылықпен өткізу дұғалардың қабыл болуына себеп.

Кейбір хадисте Алла елшісі (с.а.у.) осы түні намазға тұрып «Фатиха» сүресін оқыған соң қысқа бір сүре оқып сәждеге барады. Бірақ сол сәждеде түн жарымына дейін тұрғаны, одан соң тағы бір рәкат қысқа оқып, сәждеде таң намазына дейін тұрғаны айтылады.

Талқылау