Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман қызы өз өнерімен АҚШ президентін таңғалдырмақшы

Калифорния (АҚШ) штатында тұратын 16 жастағы Зайна Сайед жуық арада өз өнерімен АҚШ президентін таң-тамаша етпек.

xlarge

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Мұсылман қыздың робототехника саласында жемісті еңбек етіп жатқанына көп бола қоймаған. Алайда, күні бүгінге дейін тәп-тәуір дүниелер тудырған жас өнертапқыш өз білгенін басқаларға да үйрету мақсатымен 10 мен 14 жас аралығындағы қыздардан өзінің тобын жасақтап, жаңа бір техника жасауға кірісіп кеткен.

Ол АҚШ-ның президенті болып Дональд Трамп сайлануына орай ол өзінің жақын арада мемлекет басшысын таңғалдыратын туынды ойлап табатынын айтады. «Біз өзімізді жақсы жағымыздан танытатын кез келді деп есептеймін», – дейді ол.

Ал бұған дейін мұсылман қыздың Трампқа айтқан жауабы ғаламторда қызу талқыланған болатын.

Оқи отырыңыз:

Тікелей эфирде секс-оргия жасаған қытайлық қыз бас бостандығынан айырылды

GTA ойнап үйренген бүлдіршін көлікті ұрлап айдап кетті

Жолаушы қыз мас жүргізушінің орнына автобус айдады

Жүз жасаған егіз әжелер ұзақ өмір сүрудің сырын айтып берді

Талқылау