Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман қыздың Трампқа айтқан жауабы ғаламторда қызу талқылануда

2015 жылы Дональд Трамп президенттікке үміткер кезінде АҚШ-та мұсылмандардың мәліметтер базасын құру керек деп шулы мәлімдеме жасаған еді.

muslimgirlanswertrump

Миллиардердің бұл мәлімдемесі бүкіл мұсылмандар арасында түсініспеушілік тудырған еді. Ол тіпті мұсылмандарға арналған арнайы карта, жеке куәлік дайындап, оларды екінші деңгейдегі азаматтар ретінде қарастыруды ұсынған. Осы сәтте мұсылман қызының мына бір жауабы күллі әлемді дүр сілкінтті.

“Құрметті @realdonaldtrump. Менің есімім Марва, мен мұсылманмын. Мен сіздің бізге ID-белгі таққалы жатқаныңызды есітіп, өзіме біреуін таңдағалы отырмын. Маған қарап мұсылман екенімді аңғару қиын. Ал ол белгі менің мұсылман екенімді нақты айқындап, менің бойымда мақтаныш сезімін тудырады. Мен бейбітшілік белгісін тыңдадым, өйткені ол менің Ислам әлемімді паш етеді.

Ислам мені әділетсіздікке қарсы тұрып, бірлікке шақыруға үйретті. Ислам бойынша бір адамды өлтіру күллі адамзатты өлтіргенмен бірдей. Сіз біздің ізімізге түскелі жатыр екенсіз. Өте тамаша! Сіз менімен бірге жергілікті мектептегі Cancer Awareness ұйымына немесе менің жұмысыма келе аласыз ба. Сіз сонда менің ісім – бақыт орнату екенін түсінер едіңіз. Сіз сондай-ақ, біздің жергілікті мешіттің сэндвич мен бутерброд дайындап, үй-күйсіз жүргендерге тегін тарататынын да көруші едіңіз. Сонда ғана сіз мұсылмандардың америкалықтардан кем түспейтініне көз жеткізесіз деп ойлаймын. Ассалаумағалейкүм”, – деп жазды Марва.

Қыздың жазбасы бірнеше мың лайк жинап, оны жүздеген мыңнан астам адам бөліскен. Тиісінше қолданушылар бұл жазбаны Трампқа берілген ең керемет жауап деп бағалап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Мұрынсыз туылған сәбидің қылығы көптің жүрегін елжіретті (фото)

Әлем халықтарының адам шошырлық сексуалды дәстүрлері (фото)

Жер бетіндегі ең алып 15 жануар (фото)

Гиннестен бас тартып орамалын шешпеген 124 жастағы әже

Талқылау