Мұсылман еліне доңыз етін тасу туралы айтқан министр Путиннің күлкісін тудырды (видео)

Жуырда Ресей Федерациясының ауыл шаруашылық мәселесі жайында өткен үкімет жиынында баяндама жасаған РФ Ауыл шаруашылық министрі Александр Ткачевтің өрескел қателігі ел президенті Владимир Путиннің еріксіз күлкісін келтірген.

Лауазымды шенеунік баяндамасында Германияның ет экспортын мысалға келтіріп, аталған елдің Азия елдеріне, соның ішінде, әлем бойынша мұсылмандар саны жағынан көш бастап тұрған Индонезияға доңыз етін экспорттағаны турасында айтып қалады.

Осы тұста Путин баяндамашының сөзін бөліп, қателігін түзетеді. Министр “мақұл, онда Оңтүстік Корея” деп салады да артынша “қандай айырмашылығы бар?” дейді саспастан.

Бұған Путин еріксіз күліп жібереді. Аты аталған шенеунік былтыр да отандық доңыз шаруашылығы жайында сөз қозғай келіп, Иранға доңыз етін экспорттау жайында айтып қалған еді.

Оқи отырыңыз:

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Әйел өзін тастап кеткен көңілдесінің интимді суреттерін жұбайы мен балаларына жіберген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар