Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман әйел ерлерге қол беріп амандасу керек болғандықтан жұмысынан шығып кетті

Швецияда мектеп мұғалімі ер адамдармен қол беріп амандасуы себепті жұмысынан шығып кетті.

islam

Фардус эль-Сакка ер адамдардың қолын алудан бас тартып, оның орнына қолын жүрек тұсына қойып иіліп амандасатын болған. Оған ашуланған ер мұғалім мектеп басшылығына шағым түсіріпті. Мектеп дирекоры 20 жастағы Фардус эль-Сакканың шақырып алып егер жұмыс істегісі келсе, қол беріп амандасуы керек екенін, мектеп талабын орындауға тиіс екенін айтады.

«Мекбебіміз ешкімді бөліп-жармайды. Қызметкер тәртіпке бағынып, талапты орындау керек», дейді мектеп директоры.

Мұғалімнің ісі кәсіби кеңесте қаралатын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрғынға дікіңдей сөйлеген Қапшағай әкімі өз еркімен қызметінен кетуді ұйғарды

Қазақстанда жол ережесін бұзып айыппұл төлемейтіндер айлығын ала алмайтын болды

Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)

Талқылау