Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман адам кәмелетке толмаған қызды екінші әйелі етіп алды

Малайзияда мұсылман дінін ұстанған 44 жастағы ер адам 15 жасар қызды екінші әйелі етіп алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Малайзияда мұсылман адам кәмелетке толмаған қызды екінші әйелі етіп алды

44 жастағы ер адам мен 15 жасар қыздың некесі Келантан штатындағы исламдық сотпен мақұлданды. Кішкентай қалыңдықтың отбасында өзінен басқа 12 бала бар. Қалыңдықтың әкесі қызын кедейліктен құтқару үшін ғана тұрмысқа беруге келіскенін айтты. Оның сөзінше, жас жұбайлар бақытты.

15 жасында тұрмысқа шыққан қыз болашақ күйеуінің жасынан хабардар болғанын, бірақ соған қарамастан оның әйелі болуға келіскенін мойындады.

«Мен бақыттымын және күйеуім бақытты болу үшін қолымнан келгенді жасауға тырысамын», – деді ол.

Сонымен бірге, елдегі БҰҰ –ның өкілдері бұл некені сынға алып, наразылықтарын көрсетті.

«Кәмелеттік жасқа толмаған баланың ересек адаммен некелескені дұрыс емес», -деді ЮНИСЕФ-тің баспасөз хатшысы Марианна Кларк-Хаттинг.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау