Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұстафа Жаржу Кебба «Ертіс» ФК-нан сотты ішінара жеңіп алды

Гамбия құрамасының форфарды Мұстафа Жаржу Кебба «Ертіс» ФК-нан 15 миллион теңге талап етіп, сотқа жүгінген еді. Сот «Ертіс» ФК аяқдопшыға 700 мың теңге төлейтін етіп үкім шығарды.

1e31c1aa20ae0a821b8fe424584b6f46

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты жазған.

Іс материалдары бойынша, келісімшартқа сәйкес африкалық аяқдопшының айлығы 3 млн 348 мың болуы тиіс еді. Футболшының Премьер-Лигада ойнауы туралы келіссөздер биылғы жылдың шілде айында басталып, 11-шілде күні Жаржу Павлодарға ұшып келді. Алайда легионер тізе жарақатына байланысты жасыл алаңда ойнаған жоқ.

Гамбия футболшысы Павлодарда емделуден бас тартып, төлемақысыз екі апталық демалысқа шығып, Брюсселдегі жеке дәрігерінен ем қабылдайды. Кейін Жаржу Павлодарға қайта келіп, 3-тамызда өз міндеттеріне ауысып, 12-тамызда 400 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алады.

Ал 4-қыркүйек күні легионер айлығының алмағанын айтып, келісімшартты бұзуды талап етеді. 7-қыркүйекте Жаржу Мұстафа Кебба 3 404 545 теңге көлемінде қаражатын алып, қызметінен кету туралы бұйрыққа қол қояды. «Ертіс» ФК-на еш наразылығым жоқ деген құжатты толтырған футболшының бұл әрекеті бейнебаянға жазылған.

8-қыркүйек күні Жаржу ұшып кетті. Араға екі ай салып, футболшы «Ертіс» клубынан 9 млн теңге талап етіп, сотқа арызданды.  Бірақ сот барысында африкандық азамат өз талаптарын 15 млн теңгеге дейін өсірген.

«Арызданушы 5 млн теңге еңбек ақысын, сонымен қатар ҚР Еңбек Кодексіннің 157-бабы екінші тармағына сәйкес келісімнің бұзылуына орай 10 млн теңге, жылдық еңбек демалысының өтелмеген күндері үшін 634 927 млн теңге, әуебилеттеріне кеткен 40 397 теңге шығынды және жалақыны кешіктіргені үшін 77 934 теңге өтемақыны талап етті», – деп жазылған іс материалдарында.

Мұстафа Жаржу Кеббаның арызын Павлодар облыстық соты ішінара қанағаттандырды. «Ертіс» ФК-на легионерге жалпы көлемі 700 мың теңге беру міндеттелді. 340 мың теңге – жалақының қалған бөлігі, 331 мың теңге – еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін, 8 мың теңге – жалақыны кешіктіргені үшін өсім, 40 397 – теңге әуебилеттерінің шығыны.

Арыздың қалған бөлігінен облыстық сот бас тартты. Айта кетерлігі, Бельгияның «Льерс» пен «Монс» клубтарында өнер көрсеткен Гамбия аяқдопшысы павлодарлық клубтың негізгі тізімінде жоқ болып шықы.

Ал, «Ертіс» ФК директоры Егорь Елащуктың айтуынша, жоғары төлемақыға ие болған футболшы қосарлы құрамда бір ойын өткізген. Алайда клуб директоры ойынның нақты қай күні болғанын айта алмады.

.

Талқылау