Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсабаев Байқоңырдан “Протон” зымыран тасығышын ұшыру азайтылатынын айтты

Қазақстан “Байқоңыр” ғарыш айлағынан гептилді “Протон” зымыран тасығышын 2030 жылға қарай тоқтатуы мүмкін, – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев, – деп хабарлайды STAN.KZ Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап.

images

 

Біз бұл жағдайды бұған дейін де қолға алғымыз келген. Өйткені, зымыран ұшырудың, әсіресе апатты жағдайларда ұшырылған зымыран қалдықтарының зиян екенін білеміз. Бүгінге дейін “Протонды” ұшырудың кестесі белгіленіп қойған. Бүгінгі күні жылына 15 зымыран ұшырылса, 2025 жылға қарай 5 рет, 2030 жылға қарай мүлде тоқтатамыз деп үміттенемін деді Мұсабаев “Байқоңыр” ғарыш айлағының 60 жылдығына арналған кездесуде.

2015 жылдың 16 мамырында «Протон-М» зымыран тасығышының 16 мамырда кезекті апаты орын алған. Ресей тарабының пайымынша, зымыран тасығыштың үшінші бөлігіндегі басқару қозғалтқышы істен шыққан. Байқоңыр ғарыш айлағы, № 39 ұшырылым алаңында көкке көтерілген кезекті «Протонмен» 5 минут өтпей жатып, байланыс үзілді. «Роскосмос» бірден төтенше жағдай жариялады. Зымыран тасығыш орбитаға MexSat-1 мексикалық жерсерігін жеткізуі тиіс болатын.

.

Талқылау