Мұрат Әуезов: Мұхтар Әуезовтің ұлы екенімді мектепке барар кезде бір-ақ білдім

Қазақ әдебиетінің алып мұхиты Мұхтар Әуезов пен қазақтың қайсар анасы Фатима Ғабитованың ұлы Мұрат Әуезов өзінің әкесін енді танып, одан өмірлік нұсқауларды үйреніп келе жатқан шағында одан айырылып қалғанын айтты. Мұрат Әуезов әкесі мен анасы туралы басқа да деректер мен ойларымен «Қазақстан» телеарнасының «Дара жол» бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мұрат Әуезов: Мұхтар Әуезовтің ұлы екенімді мектепке барар кезде бір-ақ білдім

Ата-анасының жолын қуып, қазақ халқына қызмет етуді өмірлік парызы көрген бүгінгі заманның белгілі тұлғасы Мұрат Әуезов бала кезінен өте бауырмал, ұйымшыл болып өскен. Анасының тәрбиесін еске алған ұлы әр әкеден туған ағайындардың бөлінбей, ерекше ауызбіршілікте ер жеткендерін айтады.

«Анамыздың тәрбиесі соншалықты керемет болған. Біздің әр әкеден туғанымызды ешқашан білдіртпеген. Ауызбіршілігімізді әрдайым нығайта түскен. Үлкен ағамыз Азат біздің көзімізді ашты. Кітап болмаған кезде өзі ойлап тауып әңгімелеп беретін. Төрт қабырғасы аппақ болған бір бөлмеде ғана тұрамыз ол кезде. Азат сол қабырғаға шамды жағып, саусақтарымен неше түрлі кино көрсететін. Ол өте дарынды болды. Мектепті алтын медальмен аяқтады. Болат ағамызбен де қарым-қатынасымыз ерекше болды. Әрдайым бір-бірімізге қамқорлық танытып, ұйымшыл болып өскенбіз», – деп Біләл Сүлеев пен Илияс Жансүгіровтен туған екі ағасымен жақсы қарым-қатынаста өскенін еске алды.

Сонымен қатар, өзінің әкесі Мұхтар Әуезов екенін тек 1949 жылы білген екен. Сол кезде алғаш әкесі мектепке апарған. Осы уақыттан кейін әке мен баланың қарым-қатынастары нығая түскен.

Мұрат Әуезов: Мұхтар Әуезовтің ұлы екенімді 1949 жылы бірақ білдім

«Мәскеуде оқып жүргенде әкем ауруханаға түсті. Мен ол кезде студент болатынмын. Әкеме күнде барамын, ол кісі таксиге ақша беріп, күнделікті келіп тұруымды сұрайтын. Хаттар жазып тұрады, Кәмен Оразалинге хатын жазып, «туған жеріңді барып көріп қайтасың, сені қарсы алады олар» дейтін. Әкемнің соңғы хаты Кәмен Оразалинге арналған болатын, ол хаты тек Мұратқа емес, күллі казақ халқына аманат болғандай еді. Сол әкемнің жоспары бойынша туған жеріме барып, өз көзіммен бәрін көріп, достарымен сөйлесіп, болып жатқан жағдайды жазып келуім керек еді. Алайда ота жасалу сәтінде оянбады», – дейді Мұрат Әуезов.

Қазақ тілін жетік білмейтіні туралы сөз еткен Мұрат өзін «қазақ тіліне оралған адаммын» деп санайтынын айтты. Бұл тұста, бағдарлама жүргізушісі Дана Нұржігітте қазақшаға шорқақ келген Мұхтар Әуезовтің ұлын бағдарламаға бұрындары шақыру қиынға соққанын мәлімдеді.

«Орыстілді болған кезімде де менің жүрегім қазақ деп соққан. Бірақ уақыт өте сол қазақ тілін меңгеруді жөн санадым. Бұл жерде жалғыз мен ғана емес, қасымдағы достарымыз бәрімізі бірігіп тілімізді үйренуге бел будық. Сонда қайсымыз орыс тілінде сөйлеп қойсақ, бес тиыннан өтемақы төлейміз деп келістік. Солай қазақ тіліне орала бастадық», – дейді қазақтың ұлы тұлғасының ұрпағы.

Сонымен қатар, әкесін алты жасында танып, одан он сегіз жасында айырылып қалған ұлы әкесімен бірге өткізген кезеңдер өміріндегі ең бақытты кездер болған айтады.

«Әкем менің өмірлік жолымды, бағытымды, болашақ жоспарымды қысқа уақытта белгілеп кетті. Өсіп келе жатқан шағымда әкеммен жиі кездесіп, болашаққа жоспар құрып, өмірде қандай мамандық таңдауыма дейін үлес қосқан. Менің әрбір жетістігіме қуанып, маған әрдайым көңілі толып жүретінін байқайтынмын. Сол кезеңдер мен үшін өте бақытты кезеңдер болды. Алайда бұл сәттер он сегіз жасымда үзілді. Ең өкініштісі, енді енді әкеме бауыр басып, ендігі мені жолға сала бастағанда әкемнен айырылып қалдым», – деп өкінішін білдірді.

Мұхтар Әуезовтің «Жай гуманитар таяз сумен тең, ал нағыз гуманитарий болуымыз деген мұхиттай терең, шексіздікке ұмтылу деген ұғым» деген сөзін еске алған бағдарлама қатысушылары Мұрат Әуезовтің де гуманитарлық саласына әкесінің жетелеуімен келгенін білді.

«Мен астрофизика мен химиядан жақсы болдым. Осы сабақтардан олимпидаларға қатысып, арнайы кружоктарға барып жүретінмін. Атақты астрофизик пен академиктер әкемнің жақсы достары болған. Соларға мені тапсырып қойған екен. Осы астрофизика немесе химия саласында жүрсе көмек беріңдер деп. Бірақ мен есейе бастағанда әкем маған «сен дұрыстап ойланып көрші, қандай маман болғың келеді? Сен ендігі есейдің, ендігі мамандығың бойынша ойың қандай?» деді. Сол кезде ғана менің миым жетті. Сонда барып мен гуманитарлық саласын таңдайтынымды түсіндім», – дейді Мұрат Әуезов.

Әуезовтің өзінің түп-тамыры қожа болғандықтан, ұлына арабы тілін үйрен деген талап қойған екен. Алайда белгілі себептермен қытай тіліне бет бұрған Мұрат әкесінің ризашылығын алған.

Айта кетсек, Мұрат Әуезов 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» – ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубының қалаушыларының бірі. Аталған клуб Мәскеу қаласында оқып жүрген қазақ студенттер тарапынан қазақтың тілі мен салт-ғұрпын ұмытпай, ары қарай үйреніп меңгеруге бағытталу үшін құрылған еді. Бүгінгі таңда Мұрат – қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, қазақ тілі мен мұраларын зерттеген дипломат.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар