Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрагер Сауранбаев: Әкем қазақ өнерінің жалғастырушысы болғанымды қалады

Мұрагер Сауранбаев шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Мұнымен қатар, ол көктем мезгілінің өзіне ерекше шабыт сыйлағанын айтты. Жуырда Мәскеу қаласына барып, домбырамен күй тарту кешін өткізген екен.

12825761_201644076869516_237100036_n

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Көктем сізге қандай жаңалықтар алып келді?

– Көктем мезгілінің адам баласына ерекше әсер ететіні сөзсіз. Жұмысымда жақсы жаңалықтар болып жатыр. Үлкен жобаны жүзеге асыруға дайындалып жатырмыз. Шығармашылығымда барлығы өз ретімен жүзеге асып жатыр. Өнерге жақын адам үшін мезгілдің әсері ерекше болады. Кей сазгер осы кезде жаңа әндер мен күйлерді көптеп шығарады. Күй шығаратын аса мықты қасиетім болмаса да, ерекше сезімге бөленіп жүрмін. Жұмыстан шаршап келген кезде бірнеше күй тартамын. Осы сәтте көңіл-күйім көтеріледі.

– Қазір шығармашылықпен айналысуға мүмкіндігіңіз бар ма? Шетелге барғанда қара домбыраңызды өзіңізбен бірге алып жүресіз бе?

– Әрине, адам өз кәсібімен күнделікті айналыспаса, кей тұстарын ұмытып қалуы мүмкін. Домбыраны да көп тартпай кетсең, күйлер ұмытылып, қол жүрмей қалады. Сол себепті, оны болдырмас үшін жұмыс бабында домбыра алып жүруге тырысамын. Іссапарлар арасында қонақүйге келіп домбыра тартып, бір сергіп аламын.

– Эйр Астана ұшақтарының бортында сіздің композицияларыңыз қосылып тұрады. Оларды естіген кезде қандай сезімде боласыз?

– Ол менің композициям емес. Мен оны тек орындаймын. Ол ҰОС кезінде майданға аттанған қазақ жастарына арналған күй.

– Сіз – көпшілік жастарымызға үлгі болуға тұрарлық тұлғасыз. Жастарымызбен кездесулер ұйымдастырып тұрасыз ба?

– Мені асыра мақтап жіберген сияқтысыз. Жуырда Мәскеуге іссапармен бардық. Сол жақтағы қандас бауырларымыз  – жастар, студенттер кездесуге шақырып, «dombуra-party» ұйымдастыруымды сұрады. Кешке қазақ жастары өте көп келді. Барлығы шетінен домбыраға үйір екен. Арнайы бір ансамбль де құрған екен. Басқа ұлт өкілдері де домбыраға қызығушылық танытып, бірге күй тартты.

– Есіміңізді кім қойды?

– Есімімді өзімнің әкем қойды. Атамыздың жолын қуып, қазақ өнерінің мұрагері, мирасқоры, жалғастырушысы болсын деген ниетпен қойды.


Жіберіп алмаңыз:

Азамат Сатыбалды: Әйелім бала тумады екен деп ажырасып кетпеймін. Оны сүйемін

Еркін Нұржанов қызының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

Талқылау