Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұндай да түс болады екен-ау: эротикалық түс жору

Ара-тұра эротикалық сипаттағы түс көретініңізді ең жақын құрбыңызға да мойындау ыңғайсыздық туғызады. Себебі ол – жеке өміріңізге тән құпия. Десе де қобалжымаңыз, тәніңді алаулататын мұндай көріністер тек сіздік түске ғана енбейді.

5587719

Эротикалық түсті ерлер де, әйелдер де көреді. Бірақ еркек кіндіктілер үшін мұндай түсте тұрған ештеңе болмаса, нәзік жан иелері көбіне үрейленіп жатады. Олардың пайымдауынша әдепті әйелдің мұндай «әдепсіз» түс көруі мүмкін емес. Алайда бейәдеп түстер сіздің әдепсіздігіңізді аңғартпайды. Бәлкім олардың көмегімен санаңыз қанағаттанбаған қалауларын сізге жеткізгісі келген болар. Айта кетерлік жайт, мұндай түс әрдайым жыныстық қатынаспен байланысты бола бермейді. Нақтырақ айтқанда, тек тән жақындығына байланысты емес.

Айтпақшы

Бір көрген түске мән берудің қажеті шамалы. Ал бір көрініс ұдайы түсіңізге кірер болса, ол жөнінде жақсылап ойлануға тұрарлық.

Кейбірі ерекше әсерді қалайды

Мысалы, лесби қыздар махаббаты жайлы «қорқыныштылардың қорқынышты» түсі бойыңызда қандай да бір ауытқу барын білдірмейді. Мұндай түс серігіңіздің махаббаты мен сезімі, қамқорлығы жеткіліксіз екендігін аңғартады. Пайымдауымызша, екеуіңізге ғана тән жақындықта оның сезімі мен аймалауына қанағаттанбайсыз. Бәлкім, ашық сөйлесіп, барынша көбірек аймалағанын қалайтыныңызды айтарсыз? Ал ер адамның жаныңызды жаралауы мұндай түске тағы бір себеп болуы мүмкін. Нәтижесінде санаңыз түсіңізге әлсіз серіктес жіберіп, жаныңыздың тағы да жараланбауына жағдай жасайды.

Ал түсінде өз-өзін қанағаттандыратын әйелдер өзін төмен бағалайды. Сіздің өзіңізге сенімсіздігіңіз сонша, тіпті еркек кіндіктілерді түсіңізден де қуып әлексіз. Әйтпесе олар түсіңізде де «Арықтау жайлы ойламайсың ба? Бөксеңді ретке келтірмесің бе?» деген сынды сын астына алар еді.

Бастық, жаттықтырушы, мұғалім сынды өзіңізден жоғары санайтын адаммен араңыздағы жыныстық қатынас өзіңізге сенімсіздік сезімін еске салады. «Мұндай еркек маған көз қырын салса, оншалықты нашар көрінбейді екенмін!» – дейтін боларсыз. Десе де өзіңізге сенімділікті түсіңізде емес, өңіңізде арттырғаныңыз жөн. Ол әлдеқайда тиімді.

Өзіңізді тек беделді тұлға емес, әлем деңгейіндегі жұлдыздың құшағында көрдіңіз бе? Әрине, ең болмаса түсіңізде голливуд жұлдызының қалаулысы болу тамаша, бірақ мұндай көрініс – өміріңіздің қызықсыз екендігінің белгісі. Жаныңыз қызықты оқиғалар мен ерекше әсерді қалайды. Не де болса, бәрі де өз қолыңызда! Ортаңызды өзгертіп, адамдармен көп араласып, сырт келбетіңізді өзгертіңіз.

Тағы бір әйгілі сюжет – бейтаныс адаммен құмар шөлін қандыру: ұшақта, автобуста, үй төбесінде… Сізге күшті сезімдер жетіспейді деуге болады. Ол төсек қатынасына да қатысты. Іштегі алауңыз мүлдем сөнбесін десеңіз, қиялыңызды іске қосып, жаңа қалыптар мен әрекеттерді қолданып көріңіз.

Қызықты мәлімет

Эротикалық түстер гормондық өзгерістер кезінде жиі енеді. Әсіресе сіз етпетіңізден жатқанда. Мұндай қалыпта деміңіз өзгереді (секспен айналысқандағы демге ұқсас) және организм оған эротикалық түс арқылы жауап береді.

Өткен күннен сәлем

Ал бұрынғы серігіңізбен махаббат машақатына берілсеңіз, екіұдай әсерге бөленесіз. Бір жағынан мұндай түс көңіліңізге ұнамды болса (егер бұрынғы серігіңізге деген сезіміңіз сақталса), екінші жағынан толықтай ләззатқа бата алмаған боларсыз. Себебі Меніңіздің бір бөлігі бәрін бұрынғы қалпына қайтарғысы келгенімен, екіншісі қоштасудың қиындығын ұмыта қоймаған.

Мұндай түске қалай қарауым керек дейсіз бе? Мән бермеңіз! Жүрегіңіздің түкпірінде әлі де сезім оты маздайтын болар. Бәлкім ара-тұра сағынатын шығарсыз. Бірақ өткен іс өткенде қалуы тиіс. Бүгінде сіз жаңа адаммен жаңа өмір бастадыңыз. Соңы жақсы боларына сеніңіз.

Әр белгіні дұрыс жори біліңіз

Эротикадан ауылы шалғай түстер де эротикалық сипатта болуы әбден мүмкін. Мысалы, түсіңізде пештегі отынды көсеумен аударыстырып отырып құмарыңыз қозды делік. Бұл ешқандай да арсыздық емес. Мұндай жасырын белгілерге толы түс – құмарын басуға тырысатын, тәнінен ұялатын, төсекте батыл әрекет жасауға қорқатын жандарға тән. Айтпақшы, көсеуге де тоқтала кетелік. Психикалық талдаудың атасы Зигмунд Фрейдтің ізін жалғастырушылар пышақ, қару, тапанша, темекі сынды ұзын заттар еркектің жыныс мүшесін білдіреді деп санайды. Ал бөтелке, үңгір, шабадан сияқты өзіне әлденені қабылдай алатын заттар – әйел жыныс мүшесінің белгісі. Сондықтан түсіңізде жиі шылым шексеңіз, шылымды емес, өзіңіз түсінгендей, өзге дүниені қалағаныңыз. Десе де Фрейдтің өзі мойындағандай, «кейде темекі – жай ғана темекі».

Талқылау