Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұндай адамдарды түсінбеймін: Әміре өзін Димашпен салыстырғандарға жауап берді

Витебскіде өткен «Славян базары» байқауында бірінші орынды иеленген қазақстандық әнші Ернар Садырбаев өзін Димаш Құдайбергенмен салыстырғандарға жауап берді.

Мұндай адамдарды түсінбеймін: Әміре өзін Димашпен салыстырғандаға жауап берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әміре лақап есімімен өнер көрсетіп жүрген Ернар Садырбаев Димаштың көпшіліктің құрметіне ие әнші екенін айтты. Сондықтан фанаттары онымен бірге концерттерге де еріп барады, бұл қуантатын жағдай, дейді әнші.

«Өкінішке орай, кей адамдар бізді салыстырып жатады. Бірі жақсы жағынан салыстырса, екіншілерінің салыстыруы мүлдем жағымсыз сипатта. Шынымды айтсам, мен мұндай адамдарды, яғни Димашқа жете алмайтынымды айтып, сөгетіндерді түсінбеймін. Шындығында, бұл менің мақсатым емес. Әркімнің өз жолы, Құдай берген дарыны бар», – дейді әнші.

Сонымен қатар Әміре Димашты адам, әріптес әрі дос ретінде жақсы көретінін, онымен бұрыннан таныс екенін айтты.

«Мен үнемі Димашты, ал Димаш мені қолдайды. Мен оған тек табыс тілеймін. Ал бізді салыстыратындарға, әркімнің өз жолы бар екенін айтқым келеді», – дейді Ернар Садырбаев.

Айта кетсек, Әміре «Славян базары-2018» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау