Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасының қымбаттауы ертегіге айналуы мүмкін

Бүгінгі таңертеңгілік қор биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,23 пайызға дейін төмендеп, барреліне 30,62 долларға жетті. WTI маркалы мұнай құны 30,66 доллардан сатылуда.

8179757

Бүгін әлемдік мұнай бағасы қайтадан арзандап, ғаламдық экономиканы көңілсіз күйге түсірді.

 Таңертеңгілік қор биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,23 пайызға дейін арзандаса, WTI 0,54 пайызға дейін өз құнын түсірген. Осыдан бірер сәт бұрын ғана шамалы қымбаттаған “қара алтын” құны қайтадан құлдырауға көшті. Сарапшылардың пікірінше 2016 жылы мұнай бағасының әлдеқайда көтеріліп, оңалуы орын алмайды. Қазіргі таңда инвесторлар Иран мұнайының да нарыққа оралғанына алаңдап отыр. Сәл бұрынырақта Иран өкілі Хамид Баединежад өзінің Инстаграмдағы парақшасында ресми Тегеран өзінің ядролық бағдарламасының келісім-шартын орындау процесінің соңына жетіп қалғанын жариялаған еді.

Өткен жылдың шілде айында Иран мен халықаралық “алтылық” елдері бірнеше созылған атом мәселесінің бетін қайтаруға байланысты келісімге келген болатын.

Ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде ортақ келісім жоспарлары қаралып, Иранға БҰҰ, АҚШ, ЕО салған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталған еді.

“Иранның қайта оралуымен нарықтағы қара алтын құнының құлдырауы тым қатты болуы мүмкін”, – дейді Barclays Bank сарапшылары.

Талқылау