Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы 40 доллардан төмендесе, теңге бағамына түзету енгізіледі

Мұнай бағасы 40 доллардан төмендесе, теңге бағамына түзету енгізіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

6ab0b178e9f66da7060e02ce304d8e3b

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, – деп хабарлайды  STAN.KZ сайты.

«Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге паритеті нақты ағымдағы көрсеткіші есебі арқылы, яғни, инфляцияны ескере отырып қол жеткізілді. Яғни, біз 2014 жылдың басындағы мұнай бағасы құлдырап, ресейлік рубль девальвацияға ұшыраған кезге жеттік. Таяу аралықта бағамның айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоюы неғайбыл. Теріс сценарийлердің басым бөлігі орын алып болды. Яғни, мұнай бағасы екі еседен астамға құлдырады, рубль құны түсті», – деді ол.

Оның атап өтуінше, таяу аралықта сыртқы конъюнктураның айтарлықтай нашарлауы байқалып отырған жоқ. Сондықтан Ұлттық банк теңге бағамы түзіліміне ықпал етпейтін болады.

«Біз іргелі трендтерге араласпайтын боламыз. Яғни, егер мұнай бағасы барреліне 40 доллардан төмендейтін болса, онда бағам түзетілетін болады», – деген Д.Ақышев мұндай жайт орын алғанның өзінде де айырбас бағамының күрт әлсіреуіне не болмаса нығаюына жол бермейтіндіктерін баса айтты.

«Біз қоғамға нарықтағы ахуалды түсіндіретін боламыз. Бұған қоса, ағымдағы жағдайда айырбас операцияларынан алаяқтық табыс алудың өзі күдік тудырады. Тіпті, ұтылып қалуға да болады», – деп қосты Ұлттық банк төрағасы.

Талқылау