Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұнарасы жоқ мешіт: Әлемдегі ең ғажап мешіттердің бірі

Әлемдегі ең әдемі, мұнарасы жоқ мешіттердің бірі Иранда, Тегеран қаласында орналасқан. Мешіттің салтанатты ашылуын 10 жыл бойы күткен жергілікті халық бүгінгі күні оның дизайнын жасаған архитекторларға ашулы. Егер жергілікті мұсұлмандардың мешітті неліктен ұнатпай отырғанын білгіңіз келсе, Stan.kz ақпараттық агенттігінің мақаласын оқып шығуға кеңес береміз.

Мұнарасы да, төбесі де жоқ Тегеран қаласында орналасқан Вали-е-Аср мешіті кейбір ирандық кертартпа адамдардың ашуын келтірді. Сондай-ақ мешіттің қала театрының жанында орналасуы оларға ұнамады.

Мешіттің дизайнын Реза Денишмир пен Кэтрин Спиридонова есімді ирандық архитекторлар жасаған. Оларға мешіттің дизайнын жасау 2008 жылы бұйырылған. Мешіт 1979 жылғы революцияға дейін салынған Тегеранның Қалалық Театрының жанында орналасқан. Театрды өзге ғимараттардан ерекшелендіріп тұратын, архитектурасы адам назарын оған аудартқызбай қоймайды.

Guardian newspaper басылымының айтуы бойынша, ғимарат салынып бітуге жақындағанда архитекторлар кейбір ирандықтардың қатаң сыңына ұшырады. Тұрғындар салынған ғимаратты мешіт ретінде мойындамады. Себебі оның басқа мешіттердікіндей төбесін жауып тұратын мұнарасы жоқ.

Cыншылардың өзі мешіт он жыл бойғы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, осы жазда ресми түрде ашылуы тиіс деп болжаған. Бірақ жергілікті адамдар арасында мешітке қатысты келіспеушіліктер туған соң, ғимаратты қаржыландыру қысқартылды. Мешіттің дизайны соңына дейін жасалмады:

“Біз мәдениеттіліктің ұғымы саналатын мешіт пен Қала театрын байланыстырғымыз келді. Айналасындағы мекемелермен үйлесімдікте болатын мәдени жоба жасағымыз келді. Мешіт өз уақытының талаптарына жауап беруге міндетті. Ең алғашқы мешіттің мұнарасы, төбесі жоқ болған. Ол дүниелер Вали-е-Асрда да жоқ. Мешіт құлшылық етуге арналған жер. Құранда оның қандай болу керектігі жайында арнайы талаптар жазылмаған. Мешіттің маңыздылығы сыртында емес, ішінде” — дейді Риза Данешмир мен Кэтрин Спиридонова басылымға берген сұхбатында.

 

 

Вали-е-Аср мешітінің аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Ол сегіз қабаттан тұрады (4 төменгі және 4 жоғарғы). Мешіт Тегеран қаласындағы тарихи, мәдени құндылығы бар мекемелермен үйлесім тауып тұр.

Архитекторлар жобаның баяндамасында мешіттің дизайнын жасау арқылы қоғамның көзқарасын бейнелегілері келгенін айтты:
“Ғимаратттың дизайны қоршаған ортаның шектеулері мен әлеуеттерін, қоғамның, мешітке келіп кетушілердің қажеттіліктерін ескере отырып жасалды”, — дейді олар.

“Дизайнның басты ерекшеліктерінің бірі — Қала Театрының және Данешчу саябағына жақын жерде орналасуында. Жоба көркем болады деп жоспарланған. Бірақ осы екі жайт оған ойдағыдан да әдемірек көрінуіге, қала қажеттіліктерін басқаруға мүмкіндік береді. Осы Мешіттің дизайнының мағынасы мен өзіндік ерекшелігінің арасында байланыс жоқ”, — деді архитекторлар.

Mashregh News деп аталатын жергілікті басылымның сөзіне сенсек, газетте ғимарат жайында “Мешіт қала театрының құрбанына айналады” деп жазылған. Сонымен қатар, театрға құрмет белгісі ретінде төбесін де қоймады деп айтқан. Газетте мешіттің дизайны мән-мағынадан қалған деп айтылды.

Мешіттің дизайнын 14 жыл бұрын әртүрлі архитекторлар ұсынған. Ол кезде Махмұд Ахмединиджад Тегеран  қаласының әкімі саналатын. Ал театрдың басшылары мешіттің биіктігі 52 метрге жетіп, театрдың биіктігінен асып түскенде, ғимараттың ары қарай бой көтеруіне қарсылық білдірді. Олар мешіт биік болған соң, театр оның көлеңкесінде қалып қалады деп қорықты.

Тегеран  қаласының әкімі ауысқан соң, дизайнды қалыптастыру тапсырмасы Fluid Motion деп аталатын танымал архитекторлардың ұйымына берілген. Кэтрин Спиридонова осы ұйымның негізін қалаушылардың бірі. Fluid Motion Тегеран қаласында динамикалық, дамушы, заманауи архитекторлар ұйымы ретінде танымал. 2014 жылы ашылған ұйым әр жұмысында персиялық дәстүрлі архитектураның элементтерін заманауи дизайнмен үйлестіруге тырысады.

Мешіт дизайнын жасаған архитекторлардың айтуы бойынша, олардың осы жобадағы ең үлкен дереккөздері Құран болған:

“Біз бұл мешітті қарапайым етіп салуға ұмтылдық. Керісінше оның тек үлкен биіктігімен ғана мақтануын қаламадық. Вали-э-Аср мешіті студенттердің саябағына және Қала театрына жақын жерде орналасқан. Біз жас буын мен мешіттің ара-қатынасын беріктіре түскіміз келді”, — дейді архитекторлар.

Кейбір БАҚ құралдары Вали-э-Аср мешіті ислам мәдениетіне өзгерістер алып келіп, оның Мәдени Орталығына айналуы мүмкін деп жазды.

Түркия бірінші болып Оттман секілді классикалық үлгідегі мешіттерді салуды тоқтатты. Бірақ Ирандағы жаңа мешіттің тұрпаттамасына жақынырақ қарайтын болсаңыз, оның архитектор Эмре Аролаттың Стамбулда салған Санкалар мешітімен ұқсастығын байқайсыз. Екі мешіттің де мұнарасы, яғни төбесі жоқ.

Прицкер сыйлығын жеңіп алған Гленн Мёркатт есімді танымал австралиялық архитектор Мельбурн қаласында мешіттің салып бітті. Бұл архитектордың бірінші мешіті. Сонымен қатар, Гленн Мёркаттың да жобасында мұнара жоқ.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

 

Талқылау