Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мультимиллионер Мадоннаны ұшақтың эконом-класынан көрген жұрт таңырқап қалды

Air Portugal әуекомпаниясының жолаушысы қарапайым адамдармен бірге ұшақтың эконом-класында отырған 59 жастағы Мадоннаны суретке түсіріп алды. Суретте шашының ұйпа-тұйпасы шыққан әрі боянбаған Мадонна телефонға үңіліп отыр. Әлемге әйгілі әнші Лондоннан Лиссабонға бет алған.

Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мұны көрген жанкүйерлер армиясы таңданыстарын жасыра алмады. Мультимиллионер әншінің эконом-класста отырғаны қалай? Осылай деп дабыл қаққан фанаттар әншінің сыртқы келбетін де сынап алған.

Айта кететін жайт, Мадонна Лондонға өзінің ұлы Рокко Ричиді көру үшін келген. Рокко Британия астанасында әкесі Гай Риччимен бірге тұрады. Англия, АҚШ және Португалия – қазіргі таңда Мадонна осы үш елдің арасында жүруге мәжбүр. Себебі оның асырап алған ұлы Дэвид Банда Португалияға көшіп кеткен. 12 жасар бозбала португалдық “Бенфика” футбол академиясында білім алуда.

Жіберіп алмаңыз:

11-сынып оқушысы: Ләйлә Сұлтанқызының тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді

Мақпал Жүнісова қызы Мерейге марқұм жарының туған жерін көрсетті (видео)

Жазира: Жанболат маған сүйем-күйем деп ұсыныс жасаған емес

«Брат или брак» комедиясы прокатқа шыққан алғашқы аптада-ақ үздіктер қатарына кірді

Талқылау