Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Тайжан жер комиссиясы төрағасының ауысуына қарсылық танытты

Жер реформасы жөніндегі комиссияның келесі отырысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өтеді. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Алматы облысында өтіп жатқан көшпелі отырысы барысында комиссия төрғасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

fdc1ce4b-4305-4b29-b8c3-3f94812fd132

Сурет today.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Бұған дейін бірнеше отырыс өтті. Оларда көптеген мәселелер көтерілді. Енді, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметов комиссия төрағасы болып тағайындалды. Сөйтіп, енді ол комиссияның келесі көшпелі отырыстарына жетекшілік жасайтын болады”, – деді Б. Сағынтаев.

Өз кезегінде қоғам қайраткері, комиссияның мүшесі Мұхтар Тайжан осыған қатысты пікірін білдірді.

“Менің ұсынысым – бәріміз бірге бастадық, бәріміз бірге аяқтаймыз. Егер комиссия құрамында өзгеріс болса, ол оның жұмысына әсер етеді. Сондықтан бұдан әрі де бірге жалғастырайық. Мен Асқар Исабекұлын құрметтеймін, сіз үкіметте жұмыс істейсіз. Алайда комиссияның өз тәртібі бар”, – деді ол.

Жер реформасына қатысты пікірталастар одан әрі жалғасуда.

Оқи отырыңыздар:

Депутат: Жер қадірін білетіндерге жерді сату керек

Жер комиссиясының мүшесі қазақ тіліне қарсы шығып, орысша сөйлеуді ұсынды

Мәжіліс шетелдіктерге жалға жер беру туралы нормаларды тоқтатуды мақұлдады

Қоғам белсендісі Жер туралы комиссияның қызметі көңілден шықпайтынын айтты

Талқылау