Мұхтар Тайжан жер комиссиясы төрағасының ауысуына қарсылық танытты

Сенбі, 18 Маусым , 2016 17:18

Жер реформасы жөніндегі комиссияның келесі отырысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өтеді. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Алматы облысында өтіп жатқан көшпелі отырысы барысында комиссия төрғасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

fdc1ce4b-4305-4b29-b8c3-3f94812fd132

Сурет today.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Бұған дейін бірнеше отырыс өтті. Оларда көптеген мәселелер көтерілді. Енді, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметов комиссия төрағасы болып тағайындалды. Сөйтіп, енді ол комиссияның келесі көшпелі отырыстарына жетекшілік жасайтын болады”, – деді Б. Сағынтаев.

Өз кезегінде қоғам қайраткері, комиссияның мүшесі Мұхтар Тайжан осыған қатысты пікірін білдірді.

“Менің ұсынысым – бәріміз бірге бастадық, бәріміз бірге аяқтаймыз. Егер комиссия құрамында өзгеріс болса, ол оның жұмысына әсер етеді. Сондықтан бұдан әрі де бірге жалғастырайық. Мен Асқар Исабекұлын құрметтеймін, сіз үкіметте жұмыс істейсіз. Алайда комиссияның өз тәртібі бар”, – деді ол.

Жер реформасына қатысты пікірталастар одан әрі жалғасуда.

Оқи отырыңыздар:

Депутат: Жер қадірін білетіндерге жерді сату керек

Жер комиссиясының мүшесі қазақ тіліне қарсы шығып, орысша сөйлеуді ұсынды

Мәжіліс шетелдіктерге жалға жер беру туралы нормаларды тоқтатуды мақұлдады

Қоғам белсендісі Жер туралы комиссияның қызметі көңілден шықпайтынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Мейраш Тастемирова says:

    Асқар Мырзахметов болсын басқа балсын бәрі жоғары елбасының үкіміне бүйректері бұрып тұрады. Сондықтан биліктен битарап адамды неге қоймайды.

  • Анонимно says:

    Мен ақымақпын

  • Анонимно says:

    Мұхтар Тайжандікі дұрыс қой. Қысқа күнде қырық құбылмай, қалай бастады, солай аяқтау керек қой. Біресе түйенің …, біресе бүйенің … болмай.

  • Анонимно says:

    ОСЫ БІЗДІҢ СОРЛЫ ҚАЗАҚТАР ƏКІМДЕРДІ МАҚТАҒЫШ . МЫРЗАХМЕТОВТЕН 6 ЖЫЛ ДЕГЕНДЕ ƏРЕҢ ҚҰТЫЛЫП ЕДІК . ЖЕР КОМИССИЯСЫН ТАРАТЫП ЖІБЕРУ КЕРЕК ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕРДІ САТУҒА ЖАЛҒА БЕРУГЕ ҚАРСЫ ЕКЕНІ РАС . КОМИССИЯ ХАЛЫҚТЫҢ БАСЫН ҚАТЫРЫП БІТТІ . ТАЛҚЫЛАЙТЫН ТҮГІ ЖОҚ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ТАСТА БЕРМЕУ КЕРЕК . ЗАҢСЫЗ САТЫЛҒАН ЖЕРЛЕДІ ТЕЗ ҚАЙТАРУ КЕРЕК . ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІНЕДЕ САТПАУ КЕРЕК ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ ЖАЛҒА БЕРІЛУ ҚАЖЕТ .

  • Жансұлу says:

    Сағынтаев мырза вице-министр қызметіне тағайындалған соң, жер комиссиясының төрағасы қызметінен бас тартып отырғаны ғой.

  • Шыңғыс says:

    Енді келесі отырыста Асқар Мырзахметовтың қалай басшылық ететінін көретін боламыз.

  • Перизат says:

    Шынымды айтсам, осы жолы Мұхтар ағамызды түсінбедім. Сонда ол кісі Асқар Мырзахметовтың басшылық етуіне күмәнмен қарап отырма? Меніңше бұл кісі өте білікті, жер мәселесін жете түсінетін азамат. Өз басым бұл кісіге сеніммен қараймын.

  • Ержан says:

    Асқар Мырзахметов комиссия төрағасының міндеттерін атқара алатындығына толық сенімдімін. Сондықтан бұл кадрлық өзгерістер жер мәселесін шешуге ешқандай кедергі болмайды деп ойлаймын.

  • МАДИ says:

    осындай немкурай караганнан кейин гой мемлекетимизде кандай реформалар жасамаса да былык коп.

  • Анонимно says:

    Казакша сойлеп билмегендерге де зан шыгарсын олим жазасына кескеннен киын емес шыгар.7

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар