Мұхтар Тайжан: Жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды

Жексенбі, 15 Мамыр , 2016 11:36

Жер мәселесі бойынша 75 адамнан тұратын комиссияның құрамына енген белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан аталған мәселеге орай өз пікірін білдірді.

15401-1

Сурет: www.time.kz 

Бұл туралы dalanews.kz хабарлайды.

“Достар, неге уайымдайсыздар? Комиссияда олар көп, біздікілер аз деудің жөні бар ма? Комиссияның құрамы 75, әлде 175 болса да айырмашылығы шамалы! Себебі көпшілік – ол халықтың өзі! Ал халықтың ұстанымы айқын: шетелдіктерге жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды, болды. Біз соны қағазға шығарып, заң қылып, бекітіп алуымыз керек. Біздің миссиямыз сол ғана”, – дейді саясаткер.

Мұхтар Тайжан өзінің еш уайымсыз отырғанын алға тартты.

“Мен мысалға мүлдем уайымсыз, сабырлы болып отырмын. Бұл комиссияда жалғыз өзім (ал, жалғыз емесім белгілі, жанымда халықтың сөзін сөйлейтін жігіттер бар) болсам да, көпшілік біз жақта екенін жақсы білемін. Олар да мұны жақсы біледі”, – деп жалғастырды ол.

Саясаткер халықты тым ерте уайымдамауға шақырды.

“Біз халықтың өте қарапайым ұстанымын ұстаймыз. Себебі біздің артымызда Сіздер тұрсыздар – халық, жер, әруақтар, бала-шағамыз. Астанада болсам да осында байланыста боламыз ғой. Сондықтан тым ерте уайымдамаңыздар. Бәрі де жақсы, ойдағыдай болады!”, – деп түйді Тайжан.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхтар Шаханов: Жерді шетелге жалға беруді де тоқтату керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар