Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайжан: Бір қолмен қазақстандықтарға пікірін білдіртеміз, екіншісімен аузын жабамыз

Заңгер жер Комиссиясы мүшелерінің араға от салушылар туралы ақпарат таратып жатқандарға тыйым салу керектігін айтты.

20140318_14_13_32436

Фото: total.kz

Бұл туралы “Informburo.kz” хабарлайды.

Жер реформасы мәселелерін қарастыру отырысында Мұхтар Тайжан 21 мамырда ұсталған қазақстандықтарға қатысты сұрақты қайта қарауды ұсынды.

“31 мамыр саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күні болмақ. 21 мамырда Алматыда аруларымыз әнұранды айтып жатқанда, полиция оларды алып кетіп, тұтқындады. Мұны қалай түсінуге болады? Біздің жасы келген әжелерімізді де тұтқындады. Мұны да қалай түсінуге болады? Біз бұл жерде жақсы жұмыс істеп жатырмыз, процесстің бастамасы да жаман емес.

Халық пен билік арасында байланыс орнаттық. Біз бір қолымызбен адамдарға өз ойын айтуға мүмкіндік беріп, екіншісімен олардың аузын жабамыз. Мұны да қалай түсінуге болады? Біз белгілі бір органдарға жүгініп, бұндайды тоқтатуымыз керек”, – деп Мұхтар Тайжан наразылығын жеткізді.

Ол өзінің осы мәселеге қатысты Андрей Кравченкомен кездесуінің ойдағыдай өткенін айтады. Алайда заңгердің сөзіне сенсек, Бас прокуратурадан жағымсыз ақпараттар келіп түскен. Мұхтар Тайжан өзімен қатар отырған Комиссия мүшесі Артур Платоновтан пікір білдіруде абай болуын өтінді.

“Артур, митингіге шыққан адамдарды бопсалауды доғарайықшы. Патриоттық сезімі болғандықтан шықты. Олар ойға сыймайтын әрекеттер жасап, бір нәрсені сындырған жоқ. Олар пікір білдіруге құқылы. Оларды мұның барлығын ақша үшін жасады деп айыптаудың қажеті жоқ. Мен сізден өтініп сұраймын!

Бұл біздің процесс үшін өте маңызды дүние. Біреулер бәрін пайдаланып, “ақшаға бола”, “біреудің пайдасы”, “билікті басып алмақ болды” деп ақпарат таратып жатыр. Достар, біз мұндайдан алшақ болып, белгілі бір органдардың көмегіне жүгінуіміз керек”, – дейді Мұхтар Тайжанов.

Мұнымен қатар, ол Алматы және Ақмола облыстарының билік өкілдерінің Қытай инвесторларымен келісім шартқа отырғанына наразылық білдірді.

“Олардың келісім шартқа қол қоюға қандай құқықтары бар? Қол қойған жағдайда біз әлгі құжатты көпшілікке жария етіп, оның мәнісін түсіндіруіміз қажет емес пе?”, – дейді Тайжанов.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та Мұхтар Тайжановтың бұл наразылығын орынды деп тапты. Ол әкімдерге осы секілді құжаттар туралы Комиссия мүшелеріне айтып отыруды ұсынды.


Оқи отырыңыз:

Сағынтаев қазақстандық жерлердің жалға берілуінің басты шартын айтты

Мұхтар Тайжан: Үш атасы Қазақстанда туғандар жерді жалға алсын

Шаханов: Аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек

Алматы әкімдігі қалада берілетін бос жер телімдері жоқ екенін хабарлады

Талқылау