Мұхтар Тайжан: Үш атасы Қазақстанда туғандар жерді жалға алсын

Сәрсенбі, 25 Мамыр , 2016 19:00

Жер реформасы жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үш атасы қазақ жерінде туылған ел азаматы жерімізді жалға алсын деген ұсыныс айтты.

taijan-1

Сурет: mgorod.kz 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Бүгін күн тәртібінде біз екі мәселені қарап отырмыз. Жерді жалға береміз бе және жерді шетелдіктер жалға ала ма? Өз басым жерді белгілі бір шектеумен, көлеммен және мерзіммен жалға беруіміз керек. Үш атасы өз елімізде туылған азаматтарға ғана жерді жалға алу құқы берілуі керек деп ойлаймын», – дейді Мұхтар Тайжан.

Сондай-ақ, жұмыс тобының жетекшісі өз ұсынысында жерді жалға беруге қатысты көптеген пікірді айтты.

«Соның бірі – егер жерді жалға алған азамат үш жыл ішінде жерді ешбір өңдей алмаса, оның жері мемлекетке қайтарылуы керек. Сол сияқты, жердің құнарлылығын жоғалтып, тоздырған жалға алушылар да жауапкершілікке тартылғаны жөн», – дейді жұмыс тобының жетекшісі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Толық кілсем Мұқтар Тайжан айтқан сөзін бізде қатал заңмен қадалағау керек Қазақ елінде 7 атасы туылған адамдарға берулі керек жерді Ата бабамыздын қанымен келген жер бізге аманат ретінде қалдырды ұрпақтарға ешкімнің еңбегі сіңген жоқ Қазақ ұлттан басқасы бостан босқа біреуге бермейміз толық еңбегі сіңген адамға Қазақ елінде осындай адамға берілу керек Оян Қазақ Ар намыс қайда ауыз біршілік керек Қазаққа əрбір Қазақ үшін дайын болу керек бəріміз осыны естеріңде сақтаңдар

  • Анонимно says:

    Мұхтар Тайжан нағыз қазақ азаматы екенсің! Маған хабарласыңызшы,өтініш менің тел 8-7053737670.

  • Анонимно says:

    Халықтың атынан сөйлеуге Сағынтаев,Қалиев дегендерге кім ұлықсат берді, әлі күнге дейін өз халқының қадірін,қасиетін,қайғысын түсінбеген немесе белгілі бір себептерге байланысты түсінгісі келмейтіндерді ортамыздан аластау керек……..”Жаман топты көбейтеді,алма боқты көбейтеді” деген дана халқымыз.

  • Таңсұлу says:

    Жеті атамыз Қазақстанда туылған ,беріңдер бізге жерді жүрміз міне біреудің үйін жалға алып

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар