Мұхтар Шаханов: Жерді шетелге жалға беруді де тоқтату керек

Сенбі, 14 Мамыр , 2016 15:55

Астанада өтіп жатқан жер комиссиясының алғашқы отырысында ақын Мұхтар Шаханов жерді шетелге жалға беруді де тоқтату керек деген мәлімдеме жасады. Ақын жер мәселесінің бүгін өте қатты ушығып отырғанын баса айтты.

img_0760

Фото: dalanews.kz

Бұл туралы “Qamshy.kz” хабарлайды.

“Қазір халықтың жағдайы нашар, осыны ескеру керек. Жер сатылмайды деп сөз берген депутаттар кезінде. Бірақ сатылып жатыр. Ал, бүгінгі наразылық елдің мүддесі үшін болып жатыр. Ешкім атақ үшін жүрген жоқ. Мен елу елдің наградасын алған адаммын. Оның барлығын тақсам, шалбарымда да орын қалмауы мүмкін. Маған ешқандай атақ-абырой керек емес. Жер – анамыздың анасы, бабамыздың бабасы. Жерден айырылсақ, ештеңеміз қалмайды. Сол үшін жерді шетелге сатқанды да, жалға бергенді де тоқтату керек. Мен депутат боп жүргенде көп жер арабтарға беріліп кетті. Соның барлығын шешіп, күн тәртібіне қою керекпіз. Жерді жалға берсек, тек өз азаматтарымызға беру керекпіз. Біз бұған түгелдей қарсымыз”, — деді Мұхтар Шаханов.

Ақын өз сөзінде сондай-ақ бүгінде белсенді түрде көтеріліп жатқан үш тұғырлы тіл бастамасына да наразылық білдірді.


Оқи отырыңыз:

Рысбек Сәрсенбайұлы жер кодексіне енгізілген өзгерісті хабарлап сүйінші сұрады (видео)

Бүгін Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтеді

Енді қазақстандықтар ауылшаруашылық жерлерін жалға ала алмайды

Гүлзира Айдарбекова Жер кодексіне қатысты мәселеде президентті өзімен салыстырды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • орда says:

    Барлық басшы осы ағамыздай болса ғой, биліктегілердің көбісі Мұхтар ағамыздың тырнағына да татымайды.

  • Жұмбақ жан says:

    Мухтар ага, сиз нагыз қазақ деп журеги соккан азаматсыз.Шындыкты жактайтын, турасын айтатын жансыз.Алла сизге разы болсын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар