Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаханов: Қазақстан 114 мемлекетке қарыз, бұны қалай құтылмақпыз?

Жер реформасына қатысты құрылған комиссияның Астана төрінде өткен екінші отырысында ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жер мәселесімен қатар, бірқатар түйткілді жағдайларды алға тартты.

shakhanov_0404-620x330

Сурет jeltoksanruhy.kz

Мұхтар Шаханов мемлекеттің қарызына қатысты деректерді нақты санмен келтірді.

“2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мәлімет бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 153,5 миллиард доллар болыпты. Мәселен, Өзбекстан Республикасы бірде-бір мемлекетке қарыз емес. Бірнеше мемлекетті асырауға жететін осыншама қыруар қарыз қандай игіліктерге жұмсалды? Тек Қытайдан алған қарызымыз 18 миллиард доллар екен. Елімізде әрбір жаңа туған нәресте 10 мың доллар мемлекетке қарыз. Масқара емес пе?” – деді Шаханов.

Ол осыншама көп қаржы ел мүддесіне жұмсалды ма, әлде жеке қалталарға кетті ме деген сауалды төтесінен қойды. Содан кейін ақын, 21 мамыр күнгі Алматыдағы шеруге қатысты да өз ойын білдіріп, қарапайым адамдар мен журналистерді тұтқынға алған тәртіп сақшыларының әрекетін сынға алды. Содан соң жер мәселесіне қатысты ушыққан жағдайды қазақ қыздарының қытай азаматтарымен некелесуіне қатысты ұштастырып сөз қозғады.

“Жер Қазақстан азаматтарына да сатылмауы тиіс. Бірақ жалға беруге болады” деп жатырмыз. Тек бір мәселені қатаң түрде ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Қыздарымыздың бұл үрдісі үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта Қазақстан азаматшасына үйленген қытай күйеубалалар сан миллиондаған гектар жерді жалға алып, қытай құдаларды қаптатса қайтеміз? Сондықтан аралас некелі адамдардан келетін қауіпті жер туралы заңға ендіруіміз қажет”, – деді ол.

Ақын сөзінің соңын

“Шындық шыңына бет бұра алсаңыздар, сау болыңыздар,
Есектер шыға алмайтын тау болыңыздар.
Жерді шетелге сатуға, жалға беруге,
Және өз адамдарымызға сатуға да,
Бітіспес жау болыңыздар!
Әумин!” – деген бір ауыз өлеңімен аяқтады.

Талқылау