Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Алтынбаев Қарағанды облысының Құрметті азаматы атанды

Мемлекет және әскери қайраткер, Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев “Қарағанды облысының Құрметті азаматы” атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мұхтар Алтынбаевқа бұл атақты беру туралы шешім  облыстық мәслихаттың ХІІІ кезекті сессиясында  қабылданды.

Осыған дейін облыс әкімдігіне Ұлытау ауданы әкімдігінің аппараты және «Астана» Аймақтық қолбасшылығы армия генералына құрметті азаматы атағын тағайындау өтінішімен шыққан болатын.

Сондай-ақ, Ардагерлер қоғамдық ұйымының Қарағанды облыстық филиалы Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық кавалері Камали Дүйсембековті осы атаққа ұсыну туралы өтініш жасады. Шешім бірден мақұлданды.

Тағы оқыңыз: 

Қарағанды облысында наразылық акциясындағы кеншілер жер бетіне көтерілді

Дариға Назарбаева Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

Қарағандылықтар ғарышқа жөнелту үшін АҚШ-тың NASА ғарыш агенттігіне долана тұқымын берді

Талқылау