Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Әбілязовқа қатысты сот үкімі шықты

Әбілязов ірі көлемдегі қаржылай махинацияларды жүзеге асыру үшін әр елдерден 100-ден астам адамнан тұратын қылмыстық қауымдастық құрды деп айыпталуа.

1207457

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әбілязовты сырттай соттап жатыр, өйткені ол мемлекетаралық іздеуде жүр. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы БТА Банкі ісі бойынша басты күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.

“20 жылға бас бостандығынан айырумен қатар оның мүлкін тәркілеу және 300 АЕК көлемінде айыппұл салу, сондай-ақ, банктерде қызмет етуге үш жылға тыйым салу жазасы тағайындалсын” – деп оқыды төрағалық етуші судья Мартбек Кәкімжанов.

Сот Әбілязовтың мүлкі: Алматы қаласы, Горный көшесі, 177, 179, 181 үйлерді, Nissan, маркалы автокөлікті, “БТА Банкі” АҚ-дағы жеке есептерін мемлекеттің пайдасына тәркілеуге қаулы етті. Бұрынғы банкир жазасын толық қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.  Көптеген қылмыстары үшін Әбіләзов пен оның сыбайластары тек Қазақстанда және Ресей Федерациясында ғана емес, сондай-ақ бірқатар европалық мемлекеттермен, соның ішінде Украина және Швейцария тарапынан қудалануда, ал Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айырылған.

Әбілязовтың сыбайластары 7,5 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырған. Әбілязовты айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады және ұлттық тергеу практикасындағы ең күрделі экономикалық істердің бірі болып табылады. Бұл істің әрбір эпизоды жүздеген миллиард теңгені жымқыру немесе жылыстату туралы мәліметтерден тұрады. 2016 жылғы 9 желтоқсанда Франция Республикасының Мемлекеттік Кеңесі (ең жоғарғы әкімшілік құрылым Ресей Федерациясының экстрадициялық сұранысына сәйкес Әбілязовты Ресейге беру туралы Франция премьер-министрінің шешімін бұзып, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ресми хабарламада білдірді.

Бұған дейін прокурор Мұхтар Әбілязовті 20 жыл түрмеге қамауды талап еткен болатын.

Тағы да оқыңыз:

Сотта Храпунов пен Әбілязовтың қылмыстық схемасы әшкереленді

Мойнында қарызы бар атышулы Үсеновтің шетелге қалай шыққаны белгілі болды

Елордалық таксист шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Талқылау