Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммеджан Тазабеков жол апатынан көз жұмған актрисаны еске алды (видео)

Алматыда күні кеше танымал актриса Шолпан Елгезекова ауыр жол апатына ұшырап, мерт болды. Актрисаның мезгілсіз қазасына орай өнердегі әріптестері, қоғам қайраткерлері, қалың көпшілік қайғырып көңіл айтуда. «Асал арна» телеарнасының басшысы Мұхаммеджан Тазабеков әртіспен бірге жұмыс істеген кездерін еске алды, деп жазады Stan.kz.

Мұхаммеджан Тазабеков жол апатынан көз жұмған актрисаны еске алды (видео)

Көпшіліктің жүрегіне жол тапқан «Шабдалы» фильмінде басты рөлді Шолпан Елгезекова сомдаған еді. Аталған фильм «Асыл арна» телеарнасының төл өнімі болғандықтан, Тазабеков актрисамен бірге біраз жұмыс істеген.

«Өмірге келгеннен соң кету де бар… Пенде болған соң бәріміз де бұл дүниеге уақытша қонақ екенбіз. Біздің сапар бір-ақ күнде біз ойламаған жерден біте салады екен… Шыққанына көп бола қоймаса да, көпшіліктің көңілінен шығып, елдің ықыласына бөленген «Шабдалы» деп аталатын көркем фильмімізде басты рөлді сомдаған актриса әпкеміз Шолпан Елгезекова өмірден озды…

Фильмдегі рөлін қалай шынайы ойнап шықса, өмірде де сондай шынайылығы мен адамгершілігінен жаңылмаған, өзінің нәзік, көркем мінезімен көңілімізді баураған әпкемізбен қарым-қатынасымыз әлі де үзілмеген еді… Ұжыммен сапарлас, қызметтес болған уақытта да, тіпті, басқа кезде де адамдық қасиетінен айырылмаған, жайдары мінезді жанның орны ойсырап қалғанын, дәл қазір көңіліміздің пернесі босап отырғанын жасыра алмаймыз.

«Қайғыны бөліссең жеңілдейді» дейді. Әрине дәл қазір ағайын-туысының мұңын ешқандай сөз бен іс жеңілдете алмас. Дегенмен, «Шабдалыдай» елге айтары бар, мәнді де мағыналы, өнегелі фильмде басты рөлді сомдап кеткен ақкөңіл әпкеміздің ағайындарына ұжым атынан шынайы жанашырлықпен қолдау білдіргіміз келеді. Бәріміз Аллаға тәнбіз және Оған қайтушымыз. Мейірімі мол Алла Тағала әпкемізді панасына алып, рахымына бөлесін! » – деп жазды Тазабеков Instagram желісінде.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Muhamedjan Tazabek (@mukhamedzhan_tazabek)

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда танымал актриса Шолпан Елгезекова жол апатынан көз жұмды. Артынша жол апатының мән-жайы белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау