Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған әжейдің күйеуі оның дуалаушы екенін айтады

6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әжейдің күйеуі өз әйелінің кейбір әрекеттерінен қорқатынын айтады. Күйеуі Асан Орақбаев әйелі өзін дуалап алған деп есептейді.

00065_MTS_snapshot_05_04__2016_02_26_15_54_17-300x225

>Бұл туралы TVK хабарлайды.

Оның айтуынша, үйінде бөтен баланың жүргенін көргенде не істерін білмеген. Алайда, әйеліне қарсы ешнәрсе айта алмаған.

«Мен одан баланың кім екенін сұрағанда, ол жиенінің баласы екенін айтты. Мен одан «Жиенің Кентау қаласында тұрады емес пе?» десем, ол бұл баланы өзі тауып алғанын, менің араласпау керектігімді айтты. Біз осы үшін ұрысып та қалдық», – дейді Асан Орақбаев.

Туыстары 60 жастағы Балжанды сиқыршы деп атайды екен. Олардың айтуынша, әжейдің адамды дуалап алу қасиеті бар көрінеді.

«Бұл әйел көзбайлау қасиетіне ие. Сіз оның жанында тұрсаңыз болды, ол сіздің сеніміңізге кіріп, алдап кетуі мүмкін. Балжан үйінде бір күн ғана болып, сосын бірнеше айлап жоқ болып кетеді», – дейді жездесі Аман Орақбаев.

00026_MTS_snapshot_00_02__2016_02_26_15_53_14-300x225

Туыстарының бірі бүлдіршіннің іздеудегі бала екенін біліп, айтқан да екен. Туыстарының айтуынша, әжейдің күйеуі денсаулығына байланысты ауыратын болған.

«10 жылдан бері Балжан еш жерде жұмыс істемейді. Жұмысында қысқартуға ұшырап, содан бері үйінде отыр. Осыдан кейін күйеуінің денсаулығы сыр беріп, ауыра бастады. Тіпті, есінен адаса бастады. Соған қарағанда, әйелі оны дуалап тастаған секілді», – дейді Асанның інісі Жұман Орақбаев.

Жақында белгілі болғандай, баланы ұрлаған күдікті әйел 2 айға қамауға алынды. ҚР ҚК «Адам ұрлау» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 60 жастағы зейнеткер әйелге 12 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Айта кетейік, 20 ақпан күні Мұхамедтің жоғалып кеткенін, кейіннен баланың табылғанын хабарлаған едік.

Полицейлердің айтуынша, әжей бұдан бұрын да 3 жастағы қызды ұрлап кетіп, оны 10 күннен соң қайтарған.

Талқылау