Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммед Әлидің ұлы Флорида халықаралық әуежайында ұсталды

7 ақпан күні Мұхаммед Әлидің ұлы анасымен бірге Ямайкадан үйіне қайтып келе жатқан. Әуежай қызметкерлері оған дініне байланысты түрлі сұрақтар қойып, екі сағатқа жолын бөгеген.

1465020570_1

Бұл туралы  Lenta.ru басылымы хабарлайды.

Прокурор әрі отбасының досы Крис Манчини боксшының ұлының бұрын-соңды қылмыстық ісі болмағанын мәлімдеді. Ол құжат бойынша АҚШ азаматы болып табылады. Мұнымен қатар, Манчини бұл оқиғаның Дональ Трамп енгізген заңға байланысты болып отырғанын тілге тиек етті.

“Менің айтарға сөзім жоқ (…) Бұл мемлекетте біз өзге дін өкілдерін кемсітумен айналыспаймыз”, – дейді ол. Ал Халила Әлиге әуежай қызметкерлері тиіспеген. Ол бірден өзінің күйеуімен түскен суретін көрсетіп, құтылып кеткен-ді.

Америкалық боксшы Мұхаммед Әли 2016 жылы 3 маусым күні қайтыс болды. Спортшы қайтыс болған шағында 74 жаста болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Америкалық Қанат Исламға Головкиннен үлгі алуға кеңес берді

Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Талқылау