Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммед Әли өзін-өзі өлтірмек болған жігітті аман алып қалды

Мұрағаттан алынған бұл видео 1981 жылы түсірілген. Лос-Анджелес қаласының тұрғыны ғимараттың тоғызыншы қабатынан секіріп, өзін-өзі өлтіруге бел буады. Оны бұл ойынан отбасы мүшелері де, келіп жеткен тәртіп сақшылары да қайтара алмай әуреге түседі.

мухамед али

Егер сол кезде жақын маңда жүрген атақты мұсылман боксшысы Мұхаммед Әли келіп жетпегенде, тірліктен түңілген бейбақ тоғызыншы қабаттан секіріп те кетер ме еді?! Жоғары көтеріліп, жанынан безген жігітпен 20 минуттай сөйлескен Мұхаммед Әли оны райынан қайтарады.

 

 

 

Талқылау