Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабеков адамның көзі біреуге тиіп кетпеу үшін не істеу керек екенін айтты

Қазақта көз тию ұғымы бар. Әсіресе, сұлулыққа сұқтанғанда, баланың сүйкімділігіне, әрекетіне таңданғанда көз тиді деп жатады. Мұхамеджан Тазабеков осы орайда адамның көзі өтпеу үшін не істеу керек екенін айтты.

“Адам баласы сұлулыққа құмар келеді. Жақсы нәрсені көргенде еріксіз таңғалып, таңдай қағып, еміреніп кетеміз. Бұлайша өзгеге немесе жас балаға көзіміз өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан зиянымыз тимес үшін БаракАлла, Бәрекелді! (Алла берекесін берсін!), Ма ша Алла! (Алланың қалауы!) деген абзал.

Пайғамбарымыз хадиісінің өзінде “Өзгеден сүйсінерлік нәрсе көсеңдер, жақсылық тілесеңдер, оған дұға жасаңдар” деп өсиет еткен. «Ма шә-а Аллаһу лә қууәтә иллә билләһи Аллаһуммә бәрик ъаләйһи. Мағынасы Алланың қалауы осындай, Алладан басқа күш жоқ. Иә, Алла, жарылқай гөр оны!» деген дұғаны үйреткен”, – деп жазады Тазабеков желідегі парақшасында.

Бұған дейін көз тиюден сақтанудың әдісін жазған едік. 

Талқылау