Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммедтің анасы: Дәрігерлер бастапқыда ұлымды көлік апатынан жарақаттанды деген, кейін басқаша сөйлеп кетті

Тергеу мәліметіне сәйкес, әкесінің қолынан зардап шекті деген Мұхаммед амбулаториялық ем алып жатыр. Ол әлі де толық сөйлей алмайды.

Логопедтер мен психологтар баламен жұмыс істеуде. Бала оқиғаның қалай болғанын өзі түсіндіріп бере ала ма? Ол жағы белгісіз. Ең қызығы, полицейлер баладан әлі жауап алғмаған. Анасы солай деп отыр, деп хабарлайды 31 арна.

4 жасар Мұхамед Асқар-оғлының жағдайы жақсарып қалды. Анасы баланың өзін жақсы сезінетінін айтты. Тек болған жайтты толық айта алмайды. Анасының айтуынша, өзінен де, баладан да тергеушілер жауап алмаған.

Айта кетейік, 16 шілде күні Алматыда Шығыс айналма жолы аймағында 4 жасар бала тал түбінен табылды. Бастапқыда оны көлік қақты деген болжам шықты. Кейін әкесі ұлын өзі ұрғанын мойындаған еді. Баланың денсаулығы оңалып ауруханадан шығарылды.

«Бізбен психологтер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баламмен сөйлесуге болмайды. Бірақ балам мұны әкесі жасамағанын айтты. Бастапқыда дәрігерлер де оның көлік апатынан жарақат алғанын айтқан еді. Кейін баланы таспен ұрған деді. Бәрі басқаша сөйлеп кетті», – дейді анасы Азиза Асқар-оғлы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау