Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедқызы кезінде 90 кг-ға толысқанын және қалай салмақ тастағанын айтты (фото)

Майра Мұхамедқызы жүктілік кезінде салмағының 90 кг-ға дейін жеткенін айтып, жұртты қайран қалдырды.

0

Фото: instagram.com/mairaopera/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Майра Мұхамедқызы жуырда 20 жылдан кейін ғана құрсақ көтергенін айтқан-ды. Сол сәтте опера әншісі қатты қуанса да, жүктілік кезінде көптеген қиындыққа тап болған екен. Соның бірі – 90 кг салмақ жинауы.

“Кедей болсаң көшіп көр” дегендей, бүгін Алматыдағы пəтерде қалған біраз заттарды реттеп, тастайтын артық дүниелерді тастап, 20 жылдан астам уақытта жиналған архивтер мен ноталар, кітаптар, артық мидағы жиналған жаман эмоциялардың біразын қоқысқа аяусыз лақтырдым. Біраз тарихты елестетіп бір күліп, бір жылап дегендей, уақыттың қалай зулап өтіп бара жатқанын да сездім.

Тал шыбықтай қыз едік мінеки ана болғанда 90 кг-ға жетіппіз. Қуанышты күндердегі фото суреттерді көріп таң тамаша болып отырмын. Талай салмақтан арылуға күрескен күндер есімнен кетер емес. Адам мақсатына күресе білсе, бағындырмайтын белес жоқ екен, сірә”, – дейді Майра Мұхамедқызы.

2

Әнші жүктілік кезінде 56-58-ші өлшемдегі киімдер киген екен. Десе де, ана болу бақытының ешнәрсемен тең келмейтінін жасырмайды. Тіпті, жолдасының ұрысқанына қарамастан, журнал мұқабасына жүктілік кезіндегі суретін шығаруға рұқсат берген.

“2012 жылы Аида қызымды босануға бір апта қалғанда “40 Недель” журналы артымнан қалмай фотосессиясын жасап, ақпан айында шығаруды өтінді. Бірақ, біз ырымшыл халықпыз ғой, алдымен аман-есен баламды босанып алған соң ғана журналға шығуға келісім жасастық. Сөйтіп, Аида қызым 2 ақпанда туылды. Ал журнал наурыз айында жарық көрді. Түрімнің өзгергені соншалық, не грим, не бетке жаққан май тоқтамай термен бірге ағып əбден əлек болдық.

Бір жағынан ырсылдап, ісіп-кеуіп, ахылап-ухілап, жолдасымнан сөз естіп дегендей… Есесіне бүгінгі күні тарих болып сол сəт қалды. Сондықтан, қыздар, сіздерге де жұғысты болсын! Əсіресе, осындай кезде күйеуді бір сәтке тыңдамай, фотоға түсіп қалу керек екенін ұмытпаңыздар!  Міне қазір балам қуана қарап, “мен анамның ішінде жаттым” деп мəз болып отыр”, – дейді ол.

12965180_1787298914837615_424815364_n

Желі қолданушылары әншінің қазіргі дене сымбатын жүктілік кезіндегісімен салыстырды. Одан артық салмақтан қалай арылғанын сұрады. “Қазір көңілім орнына түсті. Үнемі диета ұстаудан да жалықтым. Бірақ сыншылар күн көрсетпейді ғой”, – деп жауап қайырды Майра Мұхамедқызы бір тыңдарманының сұрағына.


Жіберіп алмаңыз:

Майра Мұхамедқызы тұңғышын 20 жыл күткені жайлы айтты

Артық салмақтың әйелдерге қарағанда ерлерге үш есе қауіпті екені анықталды

Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтірер зияны аз

Фаст-фуд тағамдарынан бас тартқан қыз таң қаларлықтай салмақ тастаған (фото)

Талқылау