Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедиұлының әйелі 11 млн теңгеге картиналар сатып алды

Ғалия Ысқақова қайырымдылық саудасындағы ең жомарт меценат атанды. Ол балалар үшін рекордтық сомадағы ақша жұмсады.

1435658584_arystanbek-muhamediuly

Фото: radiotochka.kz

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

“Аутизм балалар көзімен” деп аталатын үш үздік жұмыс Charity tour de Burabay қайырымдылық аукционына қойылды. Бұл картиналарда өз құрдастары туралы балалардың фантазиялары көрініс тапқан.

“Мен мұндай акцияға бірінші рет қатысып отырғаным жоқ. Бұл жолғы көрме маған тіпті жақын, себебі мен – өнертану кандидатымын. Сол себепті жас авторлардың жұмыстары олардың ауру болғанына қарамастан өте керемет шыққан. Олардың таланттарына тамсануға болады. Мен тіпті басқа картиналардың бағасын да білмеймін, бірақ менде тек сатып аламын деген бір ғана мақсат болды”, – деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының келіншегі.

Қайырымдылық аукционының ұйымдастырушылары жалпы саны 50 миллион теңге жинаған. Олар әу баста 20 миллион жинасақ деген мақсат қойған екен. Ең үздік сатылымға ие болған Геннадий Головкиннің қолғабы, Дмитрий Баландиннің жейдесі және Фабио Арудың велосипеді болды.

Талқылау