Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедиұлы бір бұйрықтан 53 қате жіберіп, ұятқа қалды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 4 беттік бір бұйрығынан 53 қате шықты. 2015 жылдың 18 мамырында бекітілген  құжат – Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бұрынғы ережесіне өзгеріс енгізу туралы бұйрық.

арыстанбек

Құжаттағы орфографиялық қателерден аяқ алып жүре алмайсың. Әрбір әрбір бетте 10-15 қатеден кездестіруге болады.

Бұйрықтың мәтінін министрдің өзі отырып жазбағаны белгілі. Құжатты қазақ тіліне шорқақтау біреудің шатпайлағаны анық көрініп тұр. Өйткені, қателердің дені г мен ғ, о мен ө, к мен қ әріптерін ажырата алмаудан құралған.

арыстан1

Қазақ тілін дамыту үшін құрылған осынау комитетте қазақшаны қатесіз жазатын мамандардың болмауы жұртты таң қалдырады. «Елдің идеологиясымен және ұрпақтың тәрбиесімен айналысуы тиіс Мәдениет министрлігіндегілер жұмысына осылай салғырт қараса, өзгелерден не күтуге болады?» деген сауал тасталды желі қолданушыларының арасынан.

арыстан

Жалпы, құрылғанына 20 жылдан асып кеткен Тілдерді дамыту комитеті біздің мемлекетке қажет пе деген сауал бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Көтерілетіндейі бар, өйткені, комитеттің қандай тілдерді дамытып келе жатқаны халыққа әлі белгісіз. Белгілісі, 20 жыл бойы мемлекеттік тіл – қазақ тілін дұрыстап дамыта алмай келеді. Айта берсек, бұл сөзімізге дәлел көп. Мемлекеттік органдардағы құжат айналдымдарын, Парламент шығарып жатқан заңдарды айтпай-ақ, көшедегі жарнамалар (басым көпшілігі өзге тілде, қазақ тілінде жазылғандарында қате көп), отандық телеарналардағы өнімдердің өзінен-ақ қазақ тілінің қандай деңгейде екенін аңғаруға болады.

арыстан3

арыстан2

Талқылау