Мұқасан Шахзодаев журналистерді үйіне шақырамын деп өкінгенін айтты

Дүйсенбі, 20 Маусым , 2016 20:00

Мұқасан Шахзодаевтың отбасы туралы көпшілік біле бермейді. Десе де, әнші журналистердің ұсынысын қабыл алып, оларды шаңырағына қонаққа шақырған екен. Артынша бұл әрекеті үшін өкініп қалыпты.

image

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Әнші журналистерді отбасымен таныстырмақ болып қонаққа шақырады. Жаңа салынған үйі мен моншасын, асыл тұқымды 40 кептерін көрсетеді. Артынша бағдарлама көгілдір экранға шыға салысымен, құстары мен моншасы өртке оранады. Осыдан кейін көз тиді деп ойлап, өзіне алдағы уақытта отбасы мен үйін көрсетпеуге уәде береді.

“Отбасым – ол менің жеке өмірім. Бастапқыда оларды көрсетуге қарсы болған емеспін. Отандық арналардың бірі келіп, түсіріп кеткен де болатын. Теледидардан кептерлерім мен үйімді көрсетті. Ертесінде жұрт “Мұқаш, үйлеріңді көрдік. Барлығы тамаша. Қашан моншаға түсуге шақырасың” деп хабарласты.

Содан кейін арада бір апта өткен соң кептерханам мен моншам өртке оранды. Моншаға барлығымыз бір-бір реттен ғана түсіп үлгердік. Келіншегіме “Ертең моншаның халаттарын әзірлеп қой. Жолдастарым түсуге келе бастайтын шығар” дегенмін. Айтқаным сол еді түсте барлығы өртке оранды.

Моншаны салған адам құбырын дұрыс шығармаған екен. Соның қателігі болды. Ырымшыл халық болған соң “көз тиді” деп айттық. Есіктің алдының күл-талқаны шықты. Содан бері үйді түсірмеңіздер деп қашатын болдым”, – дейді Мұқасан Шахзодаев.

Әншінің көптеген жасырған жұбайы шет тілдер маманы екен. Мұнымен қатар, заңгер мамандығы бойынша білім алған. Бүгінгі таңда үй шаруасымен айналысады. Екеуінің үш ұлы бар.


Жіберіп алмаңыздар:

Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді

Қазақстандық жұлдыздар киімнен ақшасын үнемдеу үшін қандай құйтырқылыққа барады

Тест: Қазақстандық жұлдыздарды күлкісінен тани аласыз ба

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар