Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұқасан Шахзодаев ерекше үлгідегі сақал-мұрт қойды

“Нұр-Мұқасан” тобының солисі Рамазан айында сырт келбетіне өзгеріс енгізді. Ол өзіне ерекше үлгідегі сақал-мұрт қойды.

image

Фото: instagram.com/mukassan/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақ эстрадасындағы көп жыл бойы киіну мәнері мен шаш үлгісін өзгертпейтін жұлдыздардың бірі – Мұқасан Шахзодаев. Алайда әнші Рамазан айында эксперимент жасауды жөн көрген сыңайлы.

Ол өзіне сақал-мұрт қойып, кекілін көтеріп қоятын болған. Бұл образы өзіне де, тыңдармандарына да ұнап қалған.

Желі қолданушылары “Сақал-мұрт еркекті еркек қылып көрсетеді. Әп-әдемі жарасып тұр”,  “Жасыңа сай екен”, “Боянғаннан еркекке осы жарасады” сынды пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар, образын ұнатпай жағымсыз пікір білдіргендер де бар. “Енді сақал қалып еді көрсетпеген. Бір күні әжетханада отырғанын көрсететін шығар”, “Жараспайды, үлкен көрінесіз”, “Ой, түрі не болып кеткен. Құдай-ау” сынды пікірлер білдірген.


Жіберіп алмаңыз:

Мұқасан Шахзодаев журналистерді үйіне шақырамын деп өкінгенін айтты

Қазақстандық жұлдыздар қандай көлік мінеді

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді

Қазақстандық жұлдыздар киімнен ақшасын үнемдеу үшін қандай құйтырқылыққа барады

Талқылау