Мүгедек баланы азаптап өлтірді деп айыпталған тәрбиеші кешірім сұрады 

Үш бірдей кәмелетке толмаған қызының барын алға тартқан туыстары да оның жазасын жеңілдетуді өтініпті. Десе де, қара жамылған отбасы балаға жаны ашымаған әйелге кешірім беруден үзілді-кесілді бас тартты. Керісінше, асқан қатігездігі үшін оған ең қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр, деп хабарлады КТК.

Ал бүгінге дейін Құттықожаевтар отбасы мен журналистерге төбе көрсетпей жүрген Талғардағы мүгедек балалар интернатының басшылары болса бүгін тұңғыш мәрте түнде болған жантүршігерлік оқиға жайлы айтып беруге келіскен.

Мүгедек балалар жатақханасындағы жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсары белгілі болды. Сот сараптамасы жарымжан баланың жүрек ауруынан емес, қылқындырылып өлтірілгені анықтаған бойда тәрбиеші шындығын мойындаған. Мына тергеу мәліметтерінде жазылғандай, 30 жастағы келіншек жылап қоймаған жеткіншекті жаялықпен мойнынан бұрап төсектің иін теміріне таңып қойыпты. Артынша баланың өз шұлығымен белін де төсекке тас түйін байлағанын айтқан. Бала екі сағат бойы солай жатыпты. Тек еріндері көгере бастағанда бір-ақ шешіп алған.

Осылай баланы тыныштандырмақ болдым деген күтушінің туыстары енді кешірім сұрап қайта-қайта қара жамылған отбасының мазасын алып жатыр екен.

«Менің сіңіліме кешірім туралы айтып хабарласыпты. Бірақ мен кешірім бере алмаймын! Жазасын тартсын, қарағым!»,-дейді Мұхамеджанның нағашы апасы Кеңескүл Әділова.

«Өзі қолдан өлтіріп отыр ғой буындырып! Құдай жазасын берсін! Оның үш емес, он баласы болса да мен оларды кешірмеймін!»,-деді Мұхамеджанның анасы Зарина Құттықожаева.

Ал жантүршігерлік бала өлімі болған Талғардағы мүгедек балалар интернатының басшылығы болса енді сөзге келе бастады. Айтуларынша, сол түні балалардың түн ұйқысын бір емес, бақандай 10 маман қорғап отырған екен. Яғни, балалар бақылаусыз қалмаған. Бірақ, неге екені белгісіз бастапқыда сұхбат беруге дайынмын деп тілшілерді шақыртқан директор орта жолда ойынан айнып қалып, камераға орынбасарын тықпалады.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, бір осындай салғырттық іс әрекетінен бүкіл мекеме қызметкерлеріне, жалпы мекеме атына үлкен сын боп тұр. Тәрбиешілердің бәрі алды  20 жыл, соңы  7 жыл еңбек еткен кісілердің еңбегін жоққа шығаруға болмайды әрине. Дегенмен, жұмыс тәртібі бұдан да күшейтілді»,- дейді «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жарқын Нұрланұлы.

Яғни, бұдай былай әрбір баланың бөлмесінен бір бірден бейнебақылау камерасы орнатылатын болыпты. Қазір аталған іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Төтенше жағдайлар комитеті кинотеатрларды төменгі қабаттан салуды ұсынды 

Ақтауда оралмандар баспаналарынан қуылып жатыр 

Талдықорғанда батырлардың ескерткіш алдында есіре билеген бойжеткен қамауға алынды

Қарағандыда таңертеңнен қалың қар жауып, көліктер кептеліп қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар