Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалжар ауданының әкімі Сапарбаев  расымен де үйінің жарығын өшіріп тастады ма деген сұраққа жауап берді

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шанғұтов Бердібек Сапарбаевтың тексеру кезінде расында да үйінің жарығын өшіріп тастады ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Диапазон.

GupktKnV.Xxk

Сурет:©Бағдат Асылбек

«Шынында да жарықты өшіріп тастады. Бірақ, ауылда жарық жанып тұр», – дейді Серік Шағұтов.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қайыңды ауылының тұрғындары жарықсыз отырғандықта аудан әкімі мен орынбасарының үйіндегі жарықты өшіргізіп тастаған болатын.

Алайда, Қайыңды ауылының әкімі Сапарбаевқа айтылған ақпаратты теріске шығарды.

«Қайыңды ауылы 10 жылдан бері жарықсыз отыр деген жалған ақпарат. Кейде боран салдарынан жарықтың өшіп қалатын кезі болады. Бұл жолы 18-20 қаңтар аралығында сондай жағдай болды. күндіз ауылда жарық өшірілген болса, «ЖемМунайЭнерго» сол күні түнде қосып қояды», – дейді Қайыңды ауылының әкімі Илияш Ниязова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл ауылда 1200 адам тұрады екен.

Талқылау