Мұғалімінен жәбір көрген оқушының анасы көпшіліктен көмек сұрайды

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 16:13

Бұл оқиға Балқашта 2015 жылдың мамыр айында басталған. 10 жастағы Ділназ Досжан 4-сыныпта оқып жүрген. Жыл соңында сынып жетекшісі ата-аналардан жөндеу жұмыстары үшін 20 мың теңгеден ақша жинаған.

Dilnaz-Doszhan-614x507

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Ділназдың анасы Нәзыма Досжан екі баланы бір өзі ғана асырап отырғандықтан мұндай үлкен қаражатты бере алмай тек, 5 мың теңге ғана берген. Ділназдың жүрегіне ота жасалып, оның өмірін сақтау үшін арнайы құрылғы орнатылған. Ол тумысынан өкпе аномалиясы, туа біткен өкпе дисплазиясы, екіжақты өкпе бронхты синдромы, 2-3 дәрежелі өкпе гипертензиясы , сондай-ақ, жүрек ауруы және басқа да аурулармен ауырады.

Діназдың анасы жөндеу жұмыстарына ақшаны толық бермеген соң сынып жетекшісі оқушыға жеккөрінішті көзқараспен қарап, оны 1-қабаттан 3-қабатқа дейін ауыр кітаптар тасытып қойған. Ол оқушының өзгелер секілді емес, аурушаң екенін де жақсы білген.

Соның салдарынан оқушының жүрегі ауырған. Алайда, анасы оны айтып жанжал шығарғысы келмеген. Келесі жылы Ділназ сабақ кезінде тест тапсыру қағазын бүлдіріп алғандықтан мұғалімнің бар күшімен оның басынан ұрғанын айтқан. Ділназды жедел-жәрдем қызметі алып кетіп, дәрігерлер тексеруі нәтижесінде оның бас терісі қисайған, миы шайқалғаны деген диагноз қойған.

balhash-otvet

Осыдан кейін Нәзима қалалық білім басқармасына арыз жазған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, мұғалімнің  заңсыз түрде ақша жинап, оқушыны ұрғаны анықталған.

Ақырында мұғалімді жұмыстан шығарған. Нәзима қызын басқа сыныпқа ауыстырғанымен нұсқаулықты қате жазған дәрігердің кесірінен мұғалімнің қызын ұрғаны жайлы фактіні дәлелдей алмаған. Балқаш қалалық соты мұғалімді кінәлі емес деп таныған. Мұғалім қалалық білім басқармасына оны бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, 2 миллион теңге көлемінде моральді өтемақы төлеуді талап еткен. Қалалық сот оның шағымын қанағаттандырған жоқ. Бірақ, мұғалім апелляцияға шағымданып, жеңіп шыққан.

Нәтижесінде оған 1 миллион 693 322 теңге көлемінде жалақы мөлшері және мемлекеттік баж салығы ретінде 17924 теңге өндіріліп берілді. Мұғалім бұрынғы жұмысына қайта орналасқан.

Мұны естіген Нәзима Досжанова Аружан Саинның жетекшілігіндегі қордан көмек сұраған. Аружан Саин оны қолдап барлық БАҚ өкілдерінен, әріптестерінен көмек сұрайды.

«Балқаш қалалық соты, сіздерде не болып жатыр??? Кұэрметті әріптестер, БАҚ өкілдері, көмектесіңіздер! Мүгедек баланы қорғамайтын, қатаң мұғалімді ақтап шығатын осы сотқа ресми өтінімдер жіберіңіздерші. Жөндеу жұмысына ақша төлей алмаған оқушыны «ұнатпағаны» үшін жұмысынан қуылған мұғалімді сол қызметіне қайта орналастырған», – дейді Аружан Саин.

«Дом» қайырымдылық қорының заңгерлері Досжановтар отбасына көмектесуге дайын.

Жіберіп алмаңыз:

Оқушыларын ашық балағаттаған мұғалімнің қылығы жұртты шошытты

Алматыда оқушыға орындық көтергізіп қойған мұғалім жұмыстан қуылды

Қарағанды облысында оқушыны желкеден түйген мұғалім жұмыстан қуылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар