Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімінен балалы болуды армандаған оқушы қыз онымен жыныстық қатынасқа түскен

15 жастағы Алсу А. дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 35 жастағы Радик Н.-ге ғашық болып, одан балалы тапқысы келетінін айтқан.

b7ceddd20d395f1b436e5e4258b55ccc__980x

«Өзімді 15 жастағы қыз ретінде елестетіп көрдім: қалайша мен өз ұстазыма хат жазып, кездесуге шақырып, екінші әйелі болғым келетінін айта аламын? Қайдағы екінші әйел? Әрине, ислам дінінде мұндай түсінік бар. Алайда, әдетте екінші әйелдікке балалы жесірлерді алады. Жақсылық жасау мақсатында. Ол үшін ақша керек, тұратын жер керек. Ал ол қай ақшасына асырамақ?» – дейді мұғалімнің жұбайы Гуля Н.

Оқушы қыздың құрбыларының бірі аталмыш ақпаратты растады, деп хабарлады Лайф.

«Бұл ойыңды ұмыт деп талай рет айттым. Ол жымиып қана қоятын. Расында да ол мұғаліміне тұрмысқа шығуды қалады. Менің білуімше, қызға бірінші болып ұстаздың өзі хат жазатын, жағдайын сұрайтын. Ол да ұстазының хаттарын асыға күтетін. Бір кездері бірнеше күн Радик Н. Хат  жазбағандықтан, Алсу Н. тоқтамай жылаған болатын», – дейді оқушының танысы.

Алсу Н. мұғалімімен бесінші сыныптан бастап таныс. Былтырғы жылға дейін екеуі тек ұстаз-оқушы ретінде араласқан. Таныстарының сөзінше, өткен жылдан бастан екеуінің арасында махаббат пайда болған.

«Біз күдіктіге, кәмілеттік жасқа толмаған жәбірленушіге қатысты ақпараттың бәрін анықтаймыз. Мектепте және мектептен тыс аумақта оларды не байланыстырғанын да білетін боламыз», –  деді Ресей федерациясы, Мордовия республикасы МСО СК Ичалковский ауданы басшысының орынбасары Максим Крикунов.

Мордовия мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз оқушысымен жыныстық қатынасқа түскені үшін тұтқындалған. Одан бөлек, тұтқынға алған сәтте күдіктіден есірткі табылған және 35 жастағы мұғалім ИГИЛ құрамында болуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, жоғарғы соттың шешімімен, аталмыш мекемеге Ресей аумағында қатаң түрде тыйым салынған.

Жіберіп алмаңыз: 

АҚШ-та оқушысына интимдік суреттер жіберген мұғалім жұмыстан қуылды

Техаста мұғалім 13 жасар мектеп оқушысынан жүкті болып қалған

Волгоградта 28 жастағы мұғалім әйел 15 жасар оқушымен көңіл қосқан

iPhone 7 телефоны қорап ішінде тұрған жаңа күйінде жарылып кетті (фото)

Талқылау