Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдердің жалақысын көтеруге қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

Президент Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға бөлінген қаржы көлемі белгілі болды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Баұқыт Сұлтанова айтты.

“Мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы мәселе қарастырылып, есептелінді. Жалақыны көтеру үшін шамамен, 60-70 млрд теңге қажет”, -деді қаржы министрі.

Бұдан бұрын мұғалімдердің жалақысы 30-50 пайызға дейін көтеріледі деп хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру үшін қажет қаржы көлемін де айтты. Жол инфрақұрылымына – 150 млрд теңге, ауыз сумен қамтуға – 100 млрде теңге бөлінеді.

“Бізде бюджеттің бос қалдықтары бар  -125 млрд теңге. Оның 100 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен қалған. Бұл қаржы мемлекет басшысының қойған міндеттерін орындауға жұмсалады. Оларды іске асыруға жұмсалатын ақша есептеліп жатыр, нақты сома жалпы мемлекеттік жоспар дайын болғаннан кейін айқындалады”, – деді министр.

Жалпы мемлекеттік жоспар 16 қаңтарда Үкіметтің кезекті отырысында қарауға ұсынылады.

Тағы оқыңыз:

Коммуналдық қызмет ақысының қымбаттау себебі белгілі болды

Тарихтағы ең бай адам белгілі болды

Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды

Талқылау