Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны төмен бағада төлейді

Қазақстанда білікті мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлер «7-20-25» бағдарламасы үшін алғашқы жарнаны төмен бағада төлейді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы «Баспана» АҚ ипотекалық ұйымы басқармасының төрағасы Қайрат Алтынбеков сенаторлармен кездесу барысында айтты.

«7-20-25» бағарламасына қатысу үшін 44 млрд теңгеге өтініш жазылды. Бағдарлама арқылы баспаналы болған Ақмола облысында жас отбасы «7-20-25» бағдарламасының үштігіне кірді.

«Елбасының жолдауын негізе ала отырып «7-20-25» бағарламасына алғашқы жарнаны төлеу үшін білікті мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге, өңірдегі басқа да мамандарға жеңілдік жасадық», – дейді Қайрат Алтынбеков.

Қазір Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Павлодар мен СҚО әкімдіктерімен келісім жүріп жатыр.

Алтынбековтың айтуынша, елдің барлық өңірлерінде бастапқы тұрғын үйге арналған ұсыныстардың санын арттыру мақсатында 2018 жылдың 27 тамызында Ұлттық Банк басқармасының қаулысымен ережеге өзгерістер енгізілді.

Астана мен Алматы, Шымкент қалаларында 20 млрд теңгеге дейін, басқа аудандарда 6,4 млрд теңгеге дейін лимит енгізілді. Бұл екі жылда 15 мың пәтер салуға мүмкіндік береді.

«7-20-25» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болып табылмайтындықтан бағдарламаның негізін және шарттарын іске асыру мақсатында тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған облигациялар үшін IOI шығарылу мүмкіндігін «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде регламенттеу керек», – дейді Алтынбеков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау