Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалім Мандельштамның өлеңін рэпке айналдырған оқушыға “5” қойған (видео)

Хабаровск қаласындағы мектеп оқушысы өз сыныптастарын таң-тамаша еткен. Ол Осип Мандельштамның өлеңінің шумағын рэп-композиция түрінде орындап берген. Таң қаларлығы, мұғалім де оқушысының өнерін «бестікпен» бағалапты.

327331

Бұл туралы Дни.Ру сайты хабарлайды.

Хабаровскідегі №5 гимназиядағы бұл шулы оқиға шын мәнінде білім жүйесіне көлеңкесін түсірген жағдай болды. Настя Ан есімді оқушы қыз, тақта алдында жауап беріп тұрып Осип Мандельштамның өлеңін мәнерлеп оқи бастаған. Алайда соңғы жағын рэпке айналдырып жібереді.

Бұлайша ауыстырып жібергенін оқытушы аңғармай да қалады. Ол оқушыны тыңдап, оған «өте жақсы» деген баға қойған.

Пысық оқушы қыздың сыныптасы оның рэп оқыған сәтін бейнекамераға түсіріп әлеуметтік желілерге таратып жіберген. «Настя Ан – менің кумирім! Ол әдебиет пәні сабағында Оксимиронның әнін Мандельштамның өлеңі деп оқып, «5» алып таң қалдырды. Ол өлең мен әнді тамаша ауыстырып жіберді», – деп жазады ол.

Жалпы, Ресейдегі мектеп оқушыларының білім деңгейі мен тәртібі ел үкіметін қатты толғандырып отыр. Олар осы бағытта оқушыларды тәртіпке шақыру үшін түрлі шараларды қолға алып жатыр. Үкімет оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында, 18-ге толмағандардың қатаң қадағалануы тұрғысында бастама көтерген. Балалары түнде қыдырған ата-аналарға айыппұл салу керек деген бастаманы балалардың құқық қорғаушы Павел Астахов та қолдайды.

«Балалар түнде көшеде жүрмеуі тиіс. Мен комменданттық сағатты әркез қолдап келемін. Алғаш енгізілген жылы қылмыс деңгейі де едәуір төмендеген. Біреулер тек айыппұлмен шектеу керек дейді, ал біреулер басқаша жаза қолданылу керек деген пікірде. Бүкілресейлік тәжірибеден кейін ең ыңғайлы нұсқасын таңдап алу керек», – дейді ол.

Ертеректе, тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин, балаларға қарсы қылмыс саны өскенін айтқан еді. Оның сөзінше, 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында кәмілетке толмағандардың қатысуымен орын алған 4062 қылмыс зерттелген екен.

Талқылау