Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалім ауыр дертке шалдыққан оқушысына бүйрегін берді

АҚШ-тағы Рейнолдсбург қаласында мұғалім науқас оқушысына бүйрегін берді.

Мұғалім ауыр дертке шалдыққан оқушысына бүйрегін берді

Сурет: Alana Brown/AP

Бұл туралы Associated Press басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

10 жасар Ива Эванс 2017 жылдан бері бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп келген. Дәрігерлер қыздың мұндай дертке шалдығуына «кенеттен болатын генетикалық өзгеріс» себеп болған деген болжам жасады.

Салдарынан тек диализге арналған құрылғының көмегімен тірі жатқан қыздың бүйрегін ауыстыру қажет болыпты.

Иваның барлық туысының бүйрегі сәйкес келмейтіні анықталған соң, отбасы әлеуметтік желі арқылы донор іздеуге кіріскен.

Осы кезде Ива оқып жатқан мектепте жұмыс істейтін 48 жастағы мұғалім Таня Томас көмекке келіпті.

«Менде ешқандай күмән болған жоқ. Алдымнан есік ашылып, содан өтуім керек болғандай күй кештім», – дейді мұғалім Таня Томас.

Бірнеше айға созылған тексеру барысында мұғалімнің бүйрегі сәйкес келетіні анықталды. Ендігі жаздың екінші жартысында ота жасалады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Жол полициясының қызметкері жаңбыр кезінде жұмысына жалаңаяқ шыққан (видео)

Адамзат үшін аса қауіпті әрі емі жоқ инфекция тіркелді

Бразилиялық бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған

Ғалымдар таза ортаның балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Талқылау