Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

МС Сайлаубек жүретін қызының бар екенін және осы жылы үйленетінін мәлімдеді

МС Сайлаубек 2016 жылы үйленгісі келетін ниетін білдірді. Рэп орындаушысы сүйіктісінің кім екенін, қай салада қызмет атқаратынын құпия ұстауды жөн көрді.

сайлаубексайлаубек

Бұл туралы рэпер “Кешкі кездесу” бағдарламасында әңгімеледі.

Түсініксіз тілімен алдымен ғаламтор жұлдызына айналып, кейіннен “өнерімен” халыққа жақсы танылған МС Сайлаубек 2016 жылы үйленгісі келетін ниетін білдірді. Рэп орындаушысы сүйіктісінің кім екенін, қай салада қызмет атқаратынын құпия ұстауды жөн көрді. Жүргізушінің “жарыңызға арнап “дені дұрыс” ән шығарасыз ба? деген сұрағына ол болашақта қазақ тілінде 2-3 ән дайындайтынын жеткізді.

“Өзімнің диджейлерім бар. Солар маған жазып береді”, – деп қысқа қайырды Сайлаубек.

Сол арада студияға қонақ ретінде шақырылған жас әнші Серікбол Сайлаубек танымал рэперге өздерінен кеңес сұрауға болатынын айта кетті. Әртіс әріптесіне жөн сілтеп, жол көрсетуге дайын екенін меңзеді.

“Бұл кісінің өнерден хабары жоқ шығар. Сол үшін бізден келіп ақыл-кеңес сұраса жақсы. Диджейлер ешқашан да сөз жаза алмайды, олардың сөздерінің бәрі өтірік. Сондықтан өнер саласында ақын-жазушы ағаларымыз бар. Сол кісілер ғана дұрыс сөз жазады”, – дейді Серікбол Сайлаубек.

Сондай-ақ, Серікбол рэпер әріптесін Тараздағы концертінде бірге өнер көрсетуге шақырғанын да атап өтті. Ондағы мақсаты – МС Сайлаубектің өнерге деген көзқарасын өзгерту екен.

Бағдарлама барысында отандық режиссер Асқар Бисембин МС Сайлаубектің “дарынды” екенін мойындап, “жыл жаңалығы” атағына лайық екенін айтты.

Ақпарат: Nur.kz

Талқылау