Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

МС Сайлаубек комедиялық фильмге түсетін болды

Қазақстандық танымал дизайнер Жадо дебютант режиссер Динияр Мекеновпен бірге Алматыда комедия түсіреді. Басты рөлді Серікбол Сайлаубек сомдайды, – деп хабарлайды BNews.kz.

image24626039_2d16c5b9df8a92a5467736c506ade7c2

Сурет news.mail.ru сайтынан алынды.

Түсірілім ұжымының айтуынша, фильм мамырдың аяғына қарай көрермендерге жол тартады.

Фильмнің атауы – «Серік бол». Оқиға желісі Бақанас ауылынан басталып, ақыр аяғында қала тіршілігімен жалғасады.

45d14fe32e99b3e175d6a334ed698f28

Сурет © Ринат Тәттібай

«Биыл жаңа фильмді қолға алып отырғанымызға өте қуаныштымын. «Тыйым салынған билерден» (А.) кейін біраз уақыт өтті. Келесі туындымыз да жоғары деңгейде болады деп күтеміз. Ауылда келін бола алмаймыз деп алдын-ала айтып жүретін қаланың қыздары туралы комедия түсірмекпіз. Дәстүрлердің өміршеңдігін көрсетіп, оны барлық қыз балалар білуі керек екенін айтқымыз келеді. Басты рөлді Серкібол Сайлаубек ойнайды. Оның талантына еш күмәнім жоқ. Серікбол осы жолы өзін актер ретінде көрсетеді»,- дейді продюсер Жадо.

Сонымен қатар, бұл фильмде Абай Бегей, Мұрат Бисембин, Ернар Айдар, Талғат Жорабаев, Асхат Торғынов, Өмірқұл Айниязов, МС Сайлаубек және т.б. түседі.

Талқылау