МС Сайлаубек классикалық әндерді орындауды қолға алды (видео)

Бейсенбі, 1 Қыркүйек , 2016 10:59

Түсініксіз тілде ән салатын МС Сайлаубек енді «түсінікті тілге» көшті. Әйгілі итальяндық Con Te Partirò туындысын орындаған рэпер Instagram қолданушыларын тағы шулатты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Андреа Бочеллидің классикалық кроссовер жанрындағы Con te partirò әнін білмейтін адам кемде-кем. Соңғы жылдары аталмыш әннің ағылшын тіліндегі нұсқасы (“Time to say good buy”) әлемдік байқауларда жиі орындалып жүр.

МС Сайлаубек те Бочеллидің әнін ағылшын тілінде айтып көрді. Алайда оның ағылшыншасын көпшілік түсінбеді. Тіпті желі қолданушылары Сайлаубектің парақшасын ұрыс алаңына айналдырды.

«Сөздерін түсінбедім, өзім ағылшын тілінің мұғалімімін», «ұят», «масқара», «ішіне жын кіріп кеткен ба?» «осыны да творчество десе, жетіскен екенбіз», «қазақтың маңдайына біткен сор ғой, бақ емес». Иә, бұл жағымсыз пікірлердің бергі жағы ғана. Арғы жағына бармай-ақ қояйық.

Есесіне Сайлаубекті жақтап, құптағандар да баршылық.

«Нелерің бар? Ішкілікке салынып жүргеніне қарағанда осылай ән айтқаны дұрыс», «қазақ бір-біріңді көре алмайсыңдар, жап-жақсы айтып тұр», «бір қазақтың көтерілгенін көре алмайсыңдар», «слухы жақсы, тек сөздерін дұрыстап жаттап алса болар еді», «адамдардың тілімен айтатын болыпты», – деп жазды Сайлаубектің ән айтқанына қуанған оқырмандар.

Айта кетейік, жуырда ғана МС Сайлаубек үйленгенін хабарлаған еді. Кейіннен бұл ақпараттың жалған екендігі анықталды.

Жіберіп алмаңыз: 

Қытайдағы журналист жұртты МС Сайлаубекті бағалауға шақырды (видео)

МС Сайлаубек енді Виктор Цойдың әнін орындады (видео)

Желі қолданушылары МС Сайлаубектің мысығын өзіне ұқсатты

МС Сайлаубек полицияға түсініктеме берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осы да кызык ба ? Онерди багалау керек, осындай бреулерге ойншык кылмай жыным устайды осы Сайлаубектерине

  • Анонимно says:

    ойпырмай анау мысыгы бар едиго дал озиго мынауын сол мысыктын тури

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар