Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мойнына ине қадалған пациент дәрігердің қателігінен көз жұмды

Амурдағы Комсомольск қаласы ауруханаларының бірінде жұмыс істейтін дәрігерге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Surgeon-on-probation-for-removing-wrong-kidney

Тергеу мәліметтері бойынша, мойнына ине қадалған 53 жастағы ер адам қалалық ауруханалардың біріндегі жақ-бет хирургиясы бөліміне жеткізілген. Ине тұрмыстық абайсыздықтан кіріп кеткен.

Дәрігердің пациент денесіндегі инені ала алмай, жарақат орнын тігіп, науқасты үйіне қайтарғаны анықталды. Және пациентке стоматологиялық клиникаға қаралуға кеңес берген.

Ол пациент денесіндегі ине туралы білген және біле тұра қажетті көмек көрсетпеген. Дәрігер РФ ҚК 109 бабы, 2 бөлімі (Кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамау салдарынан өлімге себепкер болу) бойынша айыпталуда.

Талқылау