Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Moody’s агенттігі “Қазақстан Тұрғын үй құрылыc жинақ банкі” АҚ-ның ұзақ мерзімді несие рейтінгін растады

Moody’s investors service халықаралық рейтинг агенттігі “ВааЗ” елдері тәуелсіз рейтингі деңгейінде “Қазақстан Тұрғын үй құрылыc жинақ банкі” АҚ-ның ұзақ мерзімді несие рейтингін растады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Фото-ЖССБК-(1)

“Бұл рейтинг Тұрғын үй құрылыc жинақ банкінің тұрақтылығын, басқару саласындағы әсерлілігін және бизнес-стратегиясын, клиенттер сенімін, үлескерлер алдындағы өз міндеттерін сенімді атқаруын көрсетеді”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыc жинақ банкі – ипотекалық несие нарығындағы көшбасшы. 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ол ел ішінде 64 пайыз ипотекалық қарыз берген. Бұл ретте банктің ең жоғарғы сападағы несие қоржыны, проблемалық қарыздар үлесі 0,44 пайызды құрайды. Мұндай төмен деңгейдегі мерзімі өткен берешек, қарыз алушының жақсы төлем тәртібі ретінде түсіндіріледі.

Қазір Тұрғын үй құрылыc жинақ банкінде 730 мың депозит бар. Тек 9 айда банк жүйесіне 187 мың жаңа қатысушылар кірген. “Қазақстан Тұрғын үй құрылыc жинақ банкі” АҚ “Бәйтерек” Ұлттық басқару холдингі” АҚ-ның еншілес компаниясы болып саналады. Холдингті құрудағы мақсат экономиканың дамуы мен әртараптандыруына ықпал ету, инвестиция тарту, кластер мен еншілес ұйымдардағы ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру.


Оқи отырыңыз:

Үй алуға ең қолжетімсіз және ең қолжетімді жылдар анықталды

Қазақстанда баспана құны әлі де арзандайтын болады

Ләйлә Сұлтанқызы жас жігітпен жүретін 46 жастағы әйелді эфирден қуып шықты

Бейбіт Сейдуалиева қазақ тілінде қатесіз жаза алмауының себебін түсіндірді

Талқылау